Қар суына қарсы шаралар жалғасуда

Көктемгі су тасқыны еліміздегі біраз аймақтар үшін сын сағат саналатыны жасырын емес. Табиғаттың дүлей мінезін ауыздықтау қиын екені, кей жағдайда оған қарсы тұру, тіпті де мүмкін емес екендігі түсінікті. Наурыздың 31-де үздіксіз, толастамай жауған қар мен ауа райының күрт жылынуы біраз қиындықтар туғызды. Айтпай келетін апатты ауыздықтау қиынға түсті. Көкшетауда Қыл-шақты өзені арнасынан асып, бірқатар тұрғын үйлер мен аулаларды су басып қалды. Оның салдарынан вокзал маңы, МПС, №12 орта мектеп маңындағы тұрғын үйлер мен нысандар, тұрғын үй аулаларын су басқанын мәлімдеді Ақмола облысының ТЖД бастығы Алексей Советов БАҚ өкілдерімен өткен брифингте. Оның айтуынша, қауіпті аймақта 600 тұрғын үй орналасқан. 5 тұрғын үй мен 15 аулаға су кетіп, 16 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Аяқ астынан келген табиғат апатын жою бағытында төтенше жағдайға байланысты құрылған штаб жедел түрде іске кірісті. Мөлшерден тыс жинақталған қар мен жаңбыр суын соруға арнайы техникалар жұмылдырылды.  Қазгидромет маманда-рының мәліметінше, биылғы қардың деңгейі жылдағыдан анағұрлым көп. Қазір күн әлі салқын, қар толық еріген жоқ. Сай-салада талай текшеметр су мұз болып жатыр. Күн күрт жылынып, беткейдегі қар ерісе көктемгі жаңбырмен араласып, өзендер арнасынан асуы мүмкін. Елді мекендерді тасқын шаю қаупі бар. Мұндай жағдайда қаланың төменгі бөлігі көп зардап шегеді. Су тасқынының алдын алуға қаншама күш, қаржы жұмсалуда. Өзен жағалауларын бекітуге қиыршық тас, инертті материалдары бар мыңдаған қап жеткізілді. Облыстық төтенше жағдай департаменті мен қалалық әкімдік барлық жағдайды бақылауда ұстауға күш салып жатыр.

Ақмола облысының ТЖ департаментімен және жергілікті атқарушы органдар Қылшақты өзеніндегі су деңгейінің көтерілу салдарын жою мақсатында 1000 текше метр су сорып шығарылды, 80 тонна инертті материал шашылып, 150 қап төселді. Қазіргі уақытта ТЖД, жергілікті атқарушы органдар мен полиция жеке құрамынан 45 адам мен 18 техника су басқан 4 үй мен 14 аула маңында су тасқынының зардаптарын жою жұмыстарына жұмылдырылды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий