Қар суына қарсы әрекет

Жетінші шақырылған Көкшетау қалалық мәс-лихатының 3-ші кезекті сессиясы болып өтті. Оған депутат Роза Арыстанқызы төрағалық етті.
Сессия жұмысына Көкшетау қаласының әкімі Амангелді Смайылов қатысып, сөз сөйледі. Сессияда жан-жақты талқыланған мәселенің бірі биылғы қалың жауған қардың тұрғындарға тигізер залал-зардабының алдын алу болды. Күн тәртібі бо-йынша «Көкшетау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №С-49/2 «2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» қалалық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Г.Шұқатованың; «Көкшетау қаласында 2021 жылы су тасқынына қарсы іс-шараларды ұйым-дастыру және өткізу туралы» Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі ММ басшысы Ю.Шидловскийдің; «Мемлекеттік қажеттілік-тер үшін жер телімдерін мәжбүрлеп иеліктен айы-румен байланысты жер телімдерін немесе басқа жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы келісімшарттар жобасын келісу туралы» тұрақты комиссия төраға-сы М.Неғметжановтың; «Көкшетау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №С-49/9 «2021-2023 жылдарға арналған Красный Яр ауылдық округі және Станционный кентінің бюджеті туралы» Г.Шұқатованың хабарламалары тыңдалды. Депутат сағатында талқыланып, нақтыланғандықтан депутаттар ұсыныстарды бірауыздан қолдады.
Әрине, суағарлар, арық-тар тамақтары , су жолдары аршылып, бұрын су алатын Қылшақты өзенінің кей тұстары қадағаланып, құм толтырылған қаптар, қар итеріп, жер қазар техникалар сайланып, дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Дегенмен, табиғат «мінезіне» әрдайым қарсы қимыл, қатаң бақылау керек. Қала көшесіндегі қарды тазалап шығару белсенділігі арттырыла түспек. Бұған кәсіпкерлер атсалысса артық етпейді. Сондай-ақ, жеке үйлер аулалары, маңайларындағы қарды шығаруға да тұрғындар шұғыл кірісуі қажет. Қаладан шығарылатын қарды төгуге Бурабайға шыға берістегі «Құлагер» мотелінің арғы жағынан орын белгіленген. Депутаттар өз учаскелеріндегі тұрғындармен кездесіп, осы бағытта пікірлесіп, оларды сақтыққа және белсенді дайындыққа шақыруға кіріспек.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий