Қар тазалайтын жаңа техникамен толықты

Көкшетау қаласының әкімі  Ермек Маржықпаев 21 қазанда «Көкше-Жәрдем» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мен «Көкшетау ДЭУ» ашық акционерлік қоғамында болып, қысқы маусымға дайындық жайымен танысты. Кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасына, автопаркті қар тазалайтын жаңа техникамен толықтырылуына назар аударды.

«Көкше Жәрдем» мемлекеттік коммуналдық мекемесіндегі қаланы қардан тазартатын 31 техниканың басым бөлігі жаңа. Олардың қатарында қар жинайтын 7, құм шашатын 5, тротуарларды тазартатын трактор 3, қарды артатын 2, күрегі бар машина 2, самосвалдар 6. Бас инженері Марат Бейсенбаевтың айтуынша, қардың ерте түсуіне байланысты көшелерді тазарту жұмыстары бір апта бұрын басталыпты. Ал, қар қалың түскеннен кейін коммуналдық саланың жұмысы таңғы
5. 00-сағаттан басталары белгілі. Бұл шаруаларға жол бойын тазартатын 63 адам тартылған. Көкшетау қаласы бойынша 36 көлік учаскесінің бәрі дерлік қардан аршуды қажет етеді. Әрі еріген қар мен жиналған қоқыс-
тың суағарларды бітеуіне жол бермеу керек. Бұл шаруалар да үнемі назарда болуы керек. Қала әкімі Ермек Маржықпаев «Көкше-Жәрдем» коммуналдық кәсіпорнының техникалық паркінің қысқы жұмыстарға дайындығын сұрап білді. Қазір төрт бригада Уәлиханов, Әуезов, Горький сияқты орталық көшелерді тазартуға кірісіп кетті. Ал, 4-ші бригада тротуарларға жауапты. Жанар-жағармай қоры жеткілікті. Мұнымен қоса күзгі ағаш егу жұмыстары жалғасуда. Бүгінде Горький мен Северная көшелерінің қиылысына және Уәлиханов көшесінің бойына 36 көшет отырғызылып жатыр. Бұл шаруалар да жақын маңда аяқталады. Қала басшысы саябақтарды да назарға алып, қардан тазартып отыруды тапсырды. «Көкшетау ДЭУ» ашық акционерлік қоғамында бүгінде барлығы 21 бірлік техника қаланы қардан тазарту жұмыстарымен айналысады. Мекеме басшысы Сансызбай Сейітовтің айтуынша, таңғы бестен жұмысшылар көшелерге құм шашуға шығады. Техника түгел дайын. Қар көп жауғанда қосымша көлік жалға алынады. Ал, әзірше өз техникасы жеткілікті. Жұмысшылар өздерінің күнделікті жұмысына қатысты бірқатар түйткіл мәселелерді қозғады. Бағдаршамдар көше тазартуға шыққан көліктің жұмысын көп тежейді екен. Сондай-ақ, түнгі сауықтыру орындарының, әсіресе, Е.Әуелбеков көшесінің бойындағы түнгі клуб маңын тазартуда көліктің көптігінен қиындықтар туындап отыр. Қала басшысы Ермек Боранбайұлы айтылған өтініш-тілектер келешекте ескерілетінін айтты. Арнайы техника көше тазалауға шыққанда тәртіп сақшыларының көлігі еріп жүруі қажеттігін еске салды.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс