Қатаң бақылауда

Төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық комиссия мүшелері көктемгі су тасқынына және су басуға бейім Зеренді, Сандықтау, Атбасар және Бурабай ауданының аумағы бойынша тікұшақпен ұшып, мониторинг жүргізді.

Ауа температурасының көтерілуіне байланысты Зеренді ауданындағы Шағалалы су қоймасындағы судың көлемі шамамен 20,0 миллион текше метрге ұлғайды. Атбасар ауданында елді мекендер мен маңайдағы еріген қар суы Жабай өзені арқылы келіп түсуде. Теміржол және автомобиль көпірлеріндегі бекеттерге әзірше ешқандай қауіп төндірген жоқ. Бурабай ауданының территориясындағы еріген қар суы Ивановка ауылы бағытынан Қылшақты өзені арқылы Қопа көліне келіп құяды. Әзірше бұл учаскеде де пәлендей төтенше жағдайлар байқалмайды. Облыс әкімінің орынбасары Ж.Смайылов Көкшетау әуежайында көктемгі су тасқынына байланысты өңірде қалыптасқан жағдай бойынша жедел кеңес барысында осылай деп мәлімдеді. Су қорының күн санап молаюына байланысты Шағалалы қоймасынан келешекте 3 миллион текше метр су ағызу қажеттігі туындап отыр. Осыған орай Алексеевка поселкесі маңында сақтық шаралары күшейтілді.
***
Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны жағдайының күрделенуіне байланысты, Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы В.Беккердің 11 сәуірдегі өкімімен Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 46 адам және 11 бірлік арнайы техникасынан жедел топ құрылып, Солтүстік-Қазақстан облысына жіберілді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс