Қауіпсіздік күшейтіліп, қырағылық арттырылсын
Қала әкімі Ермек Маржықпаев аппарат мәжілісінде мереке күндері барлық коммуналдық қызмет көрсету мекемелеріне күшейтілген қалыпта жұмыс жасауды жүктеді. Ол соңғы күндері ауа райының күрт өзгеруінің салдарынан сақ болуды тапсырды. Көктайғақ та, қатты жел де, аяқ асты көтерілер боран да қолайсыздық әкелуі ықтимал. Сондықтан, төтенше жағдайдан құтқару қызметі, жергілікті полиция, көше тазалығына жа-
уапты мекемелер, тағы басқа жауапты қызметтегілер мереке кезінде қырағылықты арттыруы тиіс, деп түйді әкім тапсырмасын. Тұрғындар қауіпсіздігі үшін алдын алу шаралары тоқтаусыз жүруі керек.
«Көкше-ақпарат».