Қауіпті аумақтарды әуеден бақылады

Өңір басшысы Сергей Кулагиннің төрағалығымен облыс әкімдігінде өткен кеңесте су тасқынының алдын алу мәселелері тағы да талқыланды. Аймақ жетекшісі сенбі күні облыстың біраз аудандарын ұшақпен аралап шыққандығын айта келе, көпірлер мен жолдарда дер кезінде тазарту жұмыстарын жүргізбегені үшін жол қызметімен айналысатын кәсіпорынды сынға алды. Қазіргі таңда барлық күш Атбасар ауданына жұмылдырылуы керек. Қазір мұнда 200 бірлік техника жұмыс істеуде. Кеңес барысында Сергей Кулагин 2016-2017 жылдарғы жылу маусымына дайындық мәселесіне де назар аударды.

[000129]

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин 26 наурызда өңірдегі көктемгі су тасқынының қаупі бар жерлерді тікұшақпен бақылап шықты. Аймақ басшысымен бірге тікұшақ бортында болған облыс әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаров пен төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Арман Әбдіқалықов Сілеті су қоймаларын мұқият қарап, Зеренді, Сандықтау, Атбасар, Целиноград аудандарындағы су тасқынының қаупі бар Сілеті, Есіл, Жабай, Нұра өзендерінің жағдайларын, су тораптарының тасқын суларды өткізуге дайындықтарын тексерді. Әсіресе, Атбасар қаласының маңынан ағып өтетін Жабай өзенінің жағдайына ерекше көңіл бөлінді. Өңір басшысы су қоймасы мен өзендерге жақын орналасқан елді мекендер мен жақын ауылдарда су басу қаупін болдырмас үшін ондағы жинақталған суды ағызып жіберу қажеттігін айтты.

26 наурыздағы жағдай бойынша Атбасар, Целиноград, Зеренді, Сандықтау аудандарында қар қоры 2015 жылмен салыстырғанда анағұрлым көп екен. Сондай-ақ, Есіл, Сілеті, Шағалалы, Нұра өзендерінің алаптарында қар қоры да әдеттегіден жоғары. Қар мен мұз еріген кезде бұл өзендердегі судың көлемі артады деп күтілуде. Осыған байланысты ірі су қоймаларындағы су көлемін реттеуге ерекше көңіл бөлініп отыр. Осы мақсатта Астана, Сілеті, Шағалалы су қоймаларында жоспарлы су ығыстыру жұмыстарын жүргізу көзделген. Атбасар ауда-нына келген облыс әкімі ауыл шаруашылығы құрылымдары және кәсіпорын басшыларымен кездесті. Бүгінгі таңда Атбасар облыстағы су тасқынының қаупі жоғары аудан саналады. Сол себепті негізгі күш осы ауданға жұмылдырылуда. Аудан орталығындағы су басу қаупі бар үйлер мен әлеуметтік нысандардың маңы құм толтырылған қаптармен қоршалып, арықтар мен су жіберу нысандары тазалануда. Сондай-ақ, бөгеттерді нығайту жұмыстары қолға алынған. Кездесуде Сергей Кулагин су тасқынының алдын алу шараларына жүз пайыз дайын болу қажеттігін атап өтті. Бұл жерде төтенше жағдай бойынша су тасқынының алдын алу шараларына жұмылдырылған апаттық-құтқару мен коммуналдық сала техникасының дайындығы пысықталды. «Биыл қар жылдағыдан мол түсті. Сол себепті көктемгі су тасқынының қаупі жоғары. Әсіресе, Атбасар ауданында жағдай күрделі. Сондықтан, алдын алу шараларын бір сәтке де кешіктірмей жүргізуіміз керек. Ертең миллиардтап қаржы жұмсағанша, одан да осы бастан тиянақты жұмыс істегеніміз абзал», – деді облыс әкімі С. Кулагин. Сонымен қатар, аймақ басшысы көмек ретінде ауданға қосымша 20 миллион теңге қаржы мен қосымша техника бөлінетінін атап өтті. Еске сала кетсек, төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша 24 наурыздағы жағдай бойынша Көкшетау қаласында – 201513 м3, Атбасар ауданында – 299082 м3, Зеренді ауданында – 45862 м3, Сандықтау ауданында – 42960 м3,
Целиноград ауданында – 60000 м3 қар сыртқа шығарылды.Жалпы, қазіргі кезде облыс аумағындағы өзендердегі мұз қатпары қалың. Кейбір тұстарында ғана сәл жібігені байқалады.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс