Қауіпті аумақтар жіті бақылауда

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев көктемгі су тасқынына қарсы атқарылып жатқан жұмыстарға байланыс-ты жауапты сала мамандарына тапсырмалар жүктеді. Биыл қар жылдағыдан қалың түспесе де, төтенше жағдайға дайын болу керек. Қала басшысы төтенше жағдайлар департаментінің мамандары және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, су алып кету қаупі басым өңірлердің қатарындағы Краснояр селолық округі, Станционный, Застанционный поселкелерінде және Қопа көлінің жағалауы ерекше бақылауда болуы тиіс.

Аппарат мәжілісінде өткен мерекелік шаралардың қорытындысы шығарылды. Қала басшысы мерекенің көңілден шыққанын айта келе, барлық ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғыс білдірді. Құқық қорғау органдары мен коммуналдық қызмет те мереке күндері белсенді жұмыс атқарды. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында алдағы Наурыз мерекесіне байланысты демалыс күндері ішкі істер органдарының қызметкерлері күшейтілген тәртіптегі қызметке көшеді. Сандық технологияны енгізу бо-
йынша коммуналдық кәсіпорындарға бірқатар тапсырмалар жүктелді. ПИК жұмысын жетілдіру мақсатында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мамандары «Е-ПИК» жобасын жүзеге асырумен айналысуы тиіс. «Смарт сити» жобасына пәтер иелері кооперативтері де қосылуы тиіс екендігін атап өтті шаһар басшысы. Жылу маусымының аяқталуына да санаулы айлар қалды. Осы орайда «Көкшетау Жылу» коммуналдық кәсіпорны, бірыңғай есептеу орталығының жетекшілеріне бірқатар тапсырмалар жүктелді. Басты міндет – жылу беру маусымын ойдағыдай аяқтап, келер маусымға жан-жақты дайындалу үшін тұрғындар берешегін өндіріп алу. Мәжілісте қаңғыбас иттерді
аулау, аулаларды жаңғыртуға қатысты мәселелер де сөз болды. Қала басшысы Е.Маржықпаев атап өткендей, барлық конкурстар аяқталғаннан кейін жөндеу жұмыстары басталатын болады.

 

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий