Қиналғанға – қалтқысыз көмек

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың өңірлік коммуникациялар орталығында өткізген брифингі осылай аталды.

Ол баспасөз ақпарат құралдары өкілдеріне сол қалаға таяу орналасқан әскери бөлімше қару сақтайтын қоймасындағы жарылыстан зардап шеккен Арыс қаласына облыс тарапынан жасалар көмек туралы айтып берді.
– Арыс қаласында 24-ші маусым күні болған қайғылы оқиға ешкімді де немқұрайлы қалдырған жоқ. Бүкіл еліміз тұрғындары Арыс халқына көмек қолын созуда. Біздің облысымызда да «Бастау-Ақмола» деген атпен арнайы қор құрылып, қаражат жиналуда. Мемлекеттік қызметкерлер, Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы, жоғары оқу орындары, бизнес қауымдастығы, 70-ке тарта кәсіпорындар, қарапайым тұрғындар Арыстың тез арада қалпына келуіне үлестерін қосуда,–
деп бастады жиынды Е.Маржықпаев.
– Арыс қаласын жөндеу жұмыстарына келсек, біздің облысқа 17-ші учаске бөлінген. Біз қаланың сол бөлігіндегі 260 үйді қалпына келтіріп, аула-жолдарына дейін жөндейміз. Облыстық құрылыс басқармасының басшысы бір топ мамандармен сонда. Мен өзім ертең самолетпен ұшып барамын. Тұрғындармен кездесіп, жай-күйлерін біліп, талап-тілектерін тыңдаймын, құрылыс жұмыстарының барысымен танысамын, –деді өңір басшысы.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий