Қолайлы көлік – жолаушы тынысы

Елорда күнін мерекелеу аясында Көкшетауда жаңа автобустар жолға шықты. Облыс орталығындағы Абылай хан алаңында өткен салтанатты шараға облыс, қала басшылары және қала тұрғындары қатысты. «YUTONG» маркалы 31 автобус «Көкшетау автобус паркі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас-тамасымен мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде «Сарыарқаавтоөнеркәсіп» компаниясынан сатып алынған және қоғамдық көлік қызметтерінің сапасын арттыруға бағытталған. «Бүгін баршаңызды ең алдымен Нұр-Сұлтан қаласы күнімен құттықтаймын. Ақмола астаналық облыс екені белгілі. Сондықтан, облыс орталығы Көкшетау қаласының сырт келбетін жаңартып, көшелерін жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Мұның барлығы қала тұрғындарының қатынап жүруіне қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Бүгінгі қолданысқа беріп отырған автобустарымыз соның алғашқылары. Алдағы уақытта қалаішілік бағыттағы автобустарды толық жүз па-йыз ауыстыру жоспарда бар», – деді аймақ басшысы Ермек Маржықпаев.
IMG_3503«Көкшетау автобус паркі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Әсия Шәрімованың айтуынша, бұл жоба қалалық әкімдіктің «Көкшетау қаласында жолаушылар көлігін жаңғырту» жобасы шеңберінде қолға алынып отыр. Жалпы, аталмыш автобус паркі тарапынан барлығы жаңа үлгідегі 44 автобус сатып алынған. Бүгін оның 31-і қолданысқа берілсе, алдағы күндері қалған 13-і жеткізілмек. Бұл жоба бойынша қолданыстағы тозығы жеткен автобустарды ауыстыру қарастырылған. «Жаңа көліктер жергілікті климат жағдайына бейімделген, бейнебақылау, кондиционер, сымсыз интернет желісі және жылыту жүйесімен жабдықталған. Электронды билет алмасу жүйесі бар. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін көтергіш те қарастырылған», – дейді Әсия Шәрімова.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий