Қолда бар мүмкіндіктер толық пайдаланылсын

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев 27 қыркүйекте облыс орталығы бойынша жасаған кезекті жұмыс сапарын тағы да шаһардың шет аймақтарынан бастады.

TJTp1EgfS_MҚала басшысы Застанционный кентіндегі «Тамаша» монша-кешенін барып көрді. «Шанхайдың» тұрғындары үшін көпсалалы коммуналдық қызмет орталығы бұрын-соңды болмаған жаңалық саналды. Жеке кәсіпкер Жанболат Әсенов ғимаратты толығымен аралатып, ондағы монша, сауна, шаштараз, массаж кабинеттерін көрсетті. Ал, екінші қабатта спорттың жекпе-жек са-йысымен айналысатын секция жұмыс істейтін болады. Оған самбодан республикамыздағы тұңғыш спорт шебері Жолан Әсеновтің есімі беріліпті. Қала әкімі жаңа нысанды аралап, онда атқарылған жұмыс сапасына жоғары баға берді. Әсіресе, моншаны жеке бу қазандығы жылытатындығын ерекше атап көрсетті. Абылай хан даңғылындағы №5, 7, 9 үйлердің ауласын жөндеп, абаттандырып жатқан мердігерлік ұйымдар: «Кварц», «Құрылыс», «Көкшеавтодор», «Конкурс», «Көкшетау жолдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің басшыларымен пікір алмасу барысында қала әкімі жоспарланған жұмыстардың мерзімінде әрі сапалы атқарылуын міндеттеді. «Сарыарқа» мөлтек ауданында екі мыңнан астам қылқан жапырақты және басқа асыл тұқымды ағаштар отырғызылмақ. Бұл жұмыспен «Көкше Жәрдем» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны айналысуда. Сапар соңында қала басшысы Ермек Боранбайұлы облыс орталығындағы басты құрылыс нысаны 900 орындық жаңа мектепте болды. Істің барысымен таныса келе, қала басшысы күн суытпай тұрғанда сырттағы жұмысты тезірек аяқтап, ішкі әрлендіруге көшуді тапсырды. Қазір мұнда 100-ден астам адам жұмыс істегенімен жұмыс қарқыны әлі баяу. Ол үшін ішкі резервтер мен мүмкіндіктерді толық пайдаланған жөн.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс