Қолы шипалы қарындасыма рахмет!

Мен Көкшетау қаласының тұрғыны, бірде электр құрылғылармен жұмыс істеп жатып, сол қолымның сау-
сақтарын қатты зақымдап алдым. Мұндай жағдайлардың талайын көріп жүрген дәрігерлер «енді оңалмайсыз, осылай қалады» деген шешім шығарды. Бірақ Жаратқан ием мені қолдап, дертіме дауа боларлық жанды кездестірді. Ол – қалалық емхананың массаж жасаушы медбикесі Алида Қожахметова еді. Маған бірден «мен сізді емдеп жазамын» деді. Жылыжүзді Алида қарындасым мені жақсы қабылдап, саусақ ұштарының зақымданған нүктелерін дәл тауып, бірнеше күн уқалады. Өз ісінің шебері екен, бірден денем жеңілдеп сала берді. Алиданың адамға деген қарым-қатынасы, науқастың тез жазылып кетуіне бар жанымен кірісетін елгезектігіне қайран қалдым әрі риза болдым. Массажшы қарындасымның арқасында сауығып, өзімді жеңіл сезініп кеттім. Қазір сол қолыммен кез келген жұмысты істей аламын. Осының бәрі елгезек Алиданың арқасы. Қолы шипалы жанға көп рахмет айтқым келеді, ісі оңға баса берсін, аяқ-қолына дерт бермесін!

Ізгі тілекпен: Көкшетау қаласының тұрғыны
Қанапия ШАЙХЫСЛӘМОВ.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий