Қопадағы жаңа бекет

Көкшетаудың іргесіндегі Қопа көліне күн жылынғаннан бері шомылуға барып жатқандар көп. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жаңа қоғамдық құтқару бекеті ашылды. Қалалық кәсіпкерлік пен өндіріс бөлімінің жетекшісі Андрей Подгурский алдағы үш жыл көлемінде Қопа көлінің жағалауын абаттандыру жұмыстары қарқын алатынын айтты. Қосымша жағажай орындары да ашылады. Ең басты міндет, тұрғындардың қауіпсіздігіне назар аудару. Волонтерлар құтқарушылармен бірге қызмет атқарып келеді. IMG_3467Соңғы екі жыл ішінде оқыс оқиғаның орын алмағаны соның арқасында, деді ол өз сөзінде. ТЖД жедел-құтқару жасағы жетекшісінің орынбасары Марат Бұрбаевтың айтуынша, қоғамдық құтқару бекеттерінің ашылуы өңірдегі су қоймаларындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал етті. Жыл сайын олар 18-20 адамды құтқарып қалады. Жыл басынан бері 97 адам судан жағаға аман-есен шығарылды, оның 20-сы бала. Алғашқы медициналық көмек 65 адамға жасалды, оның бесеуі жасөспірім. Шомылу маусымы басталғаннан бері 221 волонтер оқылып, 59 қоғамдық құтқару бекеті ашылды. Судағы қауіпсіздік шараларын күшейту үшін жедел-құтқару жасағы әкімшілікпен, ювеналды полициямен, ішкі саясат, білім, спорт, туризм басқармаларымен, балалар шығармашылығы, «Әулет» мектептен тыс орталығымен және басқа да мемлекеттік, қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс істейді. ТЖД басшысы Алексей Советов өңірде барлығы 754 су қоймасы бар екенін, соның ішінде Нұрай мен Есіл өзендері қауіпті саналатынын айтты. Кәсіби құтқарушылар саны жеткіліксіз, олар барлық су қоймаларын қамти алмайды. Биыл оның саны 8 бекетке көбейгенін айтты. Сондай-ақ, 197 су қоймасында инвентаризация жасалып, оның 96-сының тұрақты иесі бекітілді. Облыс бойынша 20 ресми шомылу аймағы анықталды, 16 балалар жағажайы жасақталды. 1000 оқушы малтуға үйретілді. ТЖД төрт бөлімшесі – Көкшетау, Зеренді, Щучье мен Бурабайда балалар жағажайлары бар.
Шара барысында арнайы курстан өткен волонтерларға куәліктер табыс етілді.
Бүгінгі күні Қопаның жағалауында екі бекет бар. Құтқарушылармен бірге волонтерлар да көмек қолын созып келеді. ТЖД департаменті қызметкерлерінің айтуынша, өтініштерге сай әлі де 25 қоғамдық және 10 ресми бекеттер ашу жоспарда бар.
Қоғам қайраткері, кәсіпкер Василий Шиманскийдің көмегімен Қопаның Сағдиев көшесінің бойындағы жері тұрғындардың демалатын сүйікті орнына айналып келеді. Қазіргі уақытта қаланың жағажайына туристерді көптеп тартуға назар аударылып жатыр. Бұл жұмыстар жалғасын табады.

Г. Бәйішева.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий