Қопа көліне 40 мың балық жiберiлдi

Өңір басшысы Мәлiк Мырзалин мен қала әкімі Ермек Маржықпаев Көкшетаудағы Қопа көлiне балық жіберу шарасына қатысты. Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Руслан Әубәкіровтың айтуынша, бұл жолы Қопа көліне Зерендi балық питомнигiнде өсiрiлген 40 мың ақ амур және дөңмаңдай балықтары жiберiлдi. «Бұл балықтардың ерекшелігі олар көлдің астындағы шөптер мен балдырларды жеп, көлді табиғи жолмен тазартуға мүмкіндік береді. Жалпы, көлді аймақ саналатын Ақмола өңiрi үшiн мұндай шараның маңызы зор», – дейді Руслан Әубәкіров. Шараға қатысқан аймақ басшысы қоршаған орта үшін пайдасы зор игі істің алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий