Қопа көлінің жағажайы қоқыстан тазартылды

Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімі Қопа көлінің жағалауын санитарлық тазарту және абаттандыру жөнінде тазалық бейсенбілігін өткізді. Оған облыс орталығындағы мекемеде істейтін 300-дей мемлекеттік қызметші қатысты.

Қопа көлінің жағалауы қала тұрғындарының көңілді демалатын сүйікті орны. Алайда, кейбір жауапсыз адамдар суға түсіп, демалғаннан кейін отыр-ған орындарын жинастырмай, тамақ қалдықтарын, басқа да күл-қоқыстарын тастап кетеді. Мұның бәрі жағажайда санитарлық тазалықтың сақталуына, көлдің экологиясына кері әсерін тигізеді. Олқылықтың орнын толтыру мақсатында көкшетаулық мемлекеттік қызметшілер өздерінің кәсіби мерекесі қарсаңында жағажайда тазалық бейсенбілігін ұйымдастырды. Аталған шараға қатысқан мамандардың пікіріне құлақ түрелікші.

Көкшетау қаласы қаржы бөлімінің бюджеттік
сектор меңгерушісі Гүлнар Құстаева:

– Жазғы демалыстың қазіргідей қызған шағында қаламыздың тазалығын сақтауға біз де өз үлесімізді қосқымыз келеді. Сол себепті бүгінгі тазалық бейсенбілігіне өз ұжымымыз болып бір кісідей қатысып отырмыз. Мұндай шараны алдағы уақытта дәстүрге айналдыру керек. Өйткені, қаламыздың тазалығы ешкімді бейжай қалдырмауға тиісті.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің техникалық қадағалау секторының меңгерушісі Сатыбек Жолдаспаев:

– Бұл күні мемлекеттік қызметшілер жақсы жұмыс істеді. Олар 2 стихиялық үйіндіні жойып, 15 текше метр күл-қоқысты жинады. «Көкшетау-
Жәрдем» және «Көкшетау ДЭУ» кәсіпорындары өз тарапынан 5 техника, құрал-жабдық және қап бөлді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс