Қоржында – 31 медаль

Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мереке Жүсіповтің құрметіне өтетін жасөспірімдер арасындағы дәстүрлі турнир биыл 17-ші рет ұйымдастырылды. 

Биыл Қазақстан мен Ресейдің 27 құрама қомандасы жиналып, 200-ге жуық боксшы шаршы алаңда қолғап түйістірді. Нәтижесінде ақмолалық боксшылар қоржынға 31 медаль салды. Оның 8-і – алтын, 6-ы – күміс және 17-сі – қола.
Красный Яр селосында өткен халықаралық дода төрт күнге жалғасты. Жеңіске деген жігерін жаныған спортшылар барын салды. Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсет Бүкібаевтың айтуынша, басты мақсат – салауатты өмір салтын қалыптастыру, мықтыларды анықтап, үлкен додаларға дайындау. Мереке Жүсіпов талай додаларда жеңіске жеткен жігерлі жан. Бүгін қоян-қолтық ұрыстар бойынша Қазақстанның ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий