Қоржынымызда – төртінші медаль

10 тамызға дейінгі ойын нәтижелері бойынша ең көп алтын медальға ие болып, ең көп ұпай жинаған АҚШ пен Қытай командалары алда келеді. Ал, Қазақстан командасы әзірше отызыншы орында.

Ауыр атлетші Гарина Горичева 63 келі салмақ бойынша сынға түсіп, финалдық бәсекеде 243 келі зіл темірді көтеріп, Рио-де Жанейродағы Жазғы Олимпиаданың қола медалін жеңіп алды. Осы топта бәсекеге түскен Қытай спортшысы Дэн Вэй біздің отандасымыз Майя Манезаның Токио олимпиадасында жасаған рекордын жаңартты. Ол 262 келі зіл темірді көтеріп, алтыннан алқа тақты. Дзюдошы Мариан Ордабаева 62 келі салмаққа дейін Қытай спортшысы Ян Цзюнсямен бәсекеге түсіп, жеңіліп қалды. Ал, академиялық гребля бойынша Светлана Германович финалға шықты. Тағы бір жерлесіміз Владислав Яковлев ендігі жерде финалдық бәсекеде F санаты бойынша сынға түседі. Суда жүзуші Дмитрий Баландин финалда сегізінші көрсеткішке ие болды.
Қазақстан құрамасы кеше спорттың жеті түрі бойынша, пистолетпен және садақпен атудан, қылыштасудан, бокс сайысы мен штанга көтеруден сынға түсті.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс