Қорытындысы шығарылды

2021 жылдың 10 қаңтарында бірыңғай сайлау округінің аумағы бойынша сайланатын Көкшетау қалалық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өтті. Сайлаушылар тізіміне 130297 азамат енгізіліп, оның ішінде 70184 адам дауыс беруге қатысты немесе 53,86 пайызы.
Саяси додаға 68775 адам қатысты, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде 577 сайлаушы дауыс берді. Сайлауға 4 саяси партия қатысты. Саяси партиялар үшін дауыс беру кезінде келесі дауыс саны берілді: Қазақстан Халық партия-сы – 8410 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 12,42 пайызы; «Nur Otan» партиясы – 48837 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 72,13 пайызы; «Aқ жол» демократиялық партиясы – 2240 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 3,31 пайызы; «ADAL» саяси партиясы – 8220 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 12,14 пайызы. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жеті және одан да көп пайызын алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттарды келесі түрде бөлу белгіленді: Қазақстан Халық партиясы – 2 мандат; «Nur Otan» партиясы – 12 мандат; «ADAL» саяси партиясы – 2 мандат;
Көкшетау қалалық аумақтық сайлау комиссиясы.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий