Қосалқы жолдың көмегі

«Енді бұдан былай жүргізушілер бағдаршамның жасыл түсінің жанғанын күтпей-ақ, сол бағытта тура жүріп келе жатқан көлікке жол беріп, қосымша жолға түсіп, оңға бұрылып кете беретін болады. Әуезов көшесінен Горький көшесіне түскісі келген жүргізушіге де сондай басымдық берілген. Қосымша бұрылыстардың салынуына орай Әуезов пен Горький көшесінің 500 шақырымдай бөлігі кеңейтілуде. Соның арқасында бұл жолға бір бағытқа үш көлік, екінші бағытқа үш көлік сиятын болады. Көлік жүргізушілері қосымша бұрылысқа түсіп, өз бағытына түскеннен кейін жолдың кеңейтілген бөлігінен бұрынғыдай қос көлік сиятын жолаққа түсіп жүре береді. Бұрылысқа келгенде тік жүретіндер бағдаршамға бағынатын болады, ал оңға бұрыламын дейтін жүргізушілер бағдаршамға бағынбай жүруін жалғастыра береді»,– деп түсіндірді Көкшетау қалалық ішкі істер бөлімінің жол торабы бойынша техникалық инспекциясының инспекторы, полиция капитаны Жасұлан Сейітов. Қазір жолдың науалары, суағарлардың қақпақтары, құдықтар жаңадан жасалып жатыр. Жолдың құрылысы аяқталғаннан кейін жаңа бағдаршам, жаңа жарықшамдар, жаңа белгілер қойылып, жаңа тақтатастар, бордюрлер төселеді. Шілде айында басталған жұмыстардың басы-қасында жүрген «Еңбек-Көкшетау» компаниясының прорабы Нұрлан Оңдашев күздің үшінші айына дейін жұмыстарды аяқтауға тиіспіз дейді. Қазір 16 адам осы іске жұмылдырылған. Көкшетауда осы шаруаны тындырып жатқан мердігер компанияның мамандары қалада осындай әлі үш көшенің қиылысына қосымша бұрылыс жолақтары салынатынын жеткізді. Келесі жылы Горький мен Абай,  Горький мен Сәкен Жүнісов көшелерінің қиылысында да осындай қосалқы жолдар салынатын болады.

Гәкку АСЫЛБЕКҚЫЗЫ.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий