Қос боксшы жерлесіміз Дина мен Заринаға қолдау көрсетейік!

19-27 мамыр аралығында Астанада бокстан әйелдер арасында әлем чемпионаты өтеді. Қазақстан құрама командасының сапында Ақмола облысынан екі спортшы қызымыз – Дина Жоламан мен Зарина Цолоева өнер көрсетпекші.  

2welVMfcwdqY

Дина Жоламан 54 келі салмақ дәрежесінде сынға түседі. Ол 1992 жылы 31 қазанда туған. Жеке бапкері – Александр Высоцкий. Дина еліміздің алты дүркін жеңімпазы. Бірнеше мәрте республикалық және халықаралық турнирлерде топ жарған спортшы. Әсіресе, көрермендерді оның техникалық шеберлігі мен қарсыласына дөп тиетін соққылары тәнті етеді. 64 келі салмақта еліміздің намысын ақмолалық Зарина Цолоева қорғайды. 1993 жылы 5 қарашада туған Заринаны да бұл жарысқа жеке бапкері Александр Высоцкий баптады. Цолоева бұған дейін де 2011 және 2014 жылдары екі мәрте әлем чемпионатына қатысқан болатын. Сол 2014 жылы ел біріншілігінің ақтық бәсекесінде жазғы Олимпиада ойындарына қатысушы Саида Хасенованы ұтып, Қазақстан чемпионы атанған еді.

Құрметті ақмолалықтар! Құрметті жанкүйерлер!
Елордамызда өтетін әлем біріншілігінде жерлестеріміз Дина мен Заринаға жанкүйер болайық. «Барыс – Арена» спорт кешенінде өтетін жарысқа кіру тегін.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс