Қояндыда кәсіпкерлік дамыған

Ағымдағы жылы Целиноград ауданының Қоянды ауылында 60-тан астам шағын және орта бизнес субъектілері ашылды. Бұл туралы аймақ басшысы Сергей Кулагиннің өңірге сапары барысында айтылды. Істің жағдайымен жете танысқан өңір басшысы аудан тұрғындарының бұл талабына ризашылығын білдіріп, мемлекет тарапынан келешекте де жан-жақты қолдау көрсетілетіндігін айтты.

Бүгінгі таңда Қоянды ауылында 24 мың адам тұратын болса, оның 70 пайыздан астамы оралмандар. Осы күні елімізде өз кәсібін ашып, дамытамын деушілерге мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалған. Мәселен, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша бір ғана осы ауылда 2011 жылдан бері 50-ден аса жоба мақұлданған. Ауылда 1600 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің тіркелуі осының айқын дәлелі. Солардың бірі – Райымхан Ботанның отбасы. «Біз отбасымызбен пеш жасаймыз. Бір пештің бағасы 250 мың теңге көлемінде. Алдағы уақытта жұмыс ауқымын ұлғайта түсеміз», – дейді Райымхан. Өткен жылдар ішінде шеттен атамекенге оралған қандастарымызбен кездесу барысында облыс басшысы көші-қон мәселесі Үкімет назарында екенін айта келе, Қоянды ауылында ауыз су мәселесін шешу үшін тезірек жобалық-сметалық құжаттама дайындау қажеттігін алға тартты. Сондай-ақ, күн тәртібінде тұрған жол, электр жарығымен қамтамасыз ету тәрізді түйткілді мәселелердің де алдағы уақытта шешілетінін жеткізді. Өз кезегінде тұрғындар атынан сөз алған Гүлісхан Домалайқызы Астананың іргесіндегі елді мекендерде заңсыз жер иеленуді тоқтатып, осы мәселені тәртіпке келтіргені үшін облыс әкіміне алғысын білдірді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс