Қоғамдық ахуал тұрақты

Көкшетау қалалық мәслихатында депутат Роза Арыстанқызының төрайымдығымен депутаттық өкілеттілік пен этика, денсаулық, білім, мәдениет, құқық және тәртіп сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті. Оның жұмысына Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова, қалалық мәслихаттың хатшысы Бауыржан Ғайса қатысты.

Көкшетау қалалық ішкі саясат бөлімінің жетекшісі Андрей Подгурский қаладағы қоғамдық-саяси ахуал туралы баяндады. Оның айтуынша, қалада 6 саяси партия, 19 этномәдени бірлестік тіркелген. Бүгінгі күні қала бойынша 27 діни бірлестік арнайы тіркеуден өткен. Деструктивтік діни ағымдардың теріс әсері туралы ақпараттармен құлағдар ету, діни сауаттылықты арттыра отырып, экстремизмнің алдын алу, дәстүрлі рухани-имандылық және діни құндылықтарды насихаттау бағытында біршама жұмыстар атқарылуда. Биыл еңбек ұжымдары мен студенттермен 20 кездесу ұйымдастырылды. Шараға 300-ден аса адам қатысқан. Көкшетауда 31309 жас тіркелген. 4 жоғары оқу орны мен 17 кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерінде 25 мың студент білім алуда. Қалада 13 жастар бірлестігі жұмыс істеуде. Жастар ресурстық орталығының бас-тамасымен «Тыныс», «Тұрмыстық химия зауыты», «Камаз-Инжиниринг» сияқты ірі кәсіпорындар мен «Қазақтелеком» акционерлік қоғамында жастар ісі жөніндегі 4 комитет құрылды. Түрлі шаралар ұйымдастырылып, студент жастар қоғамдық маңызы зор қызметке тартылуда. Құқықтық мәдениетті көтеру мақсатында жатақханаларда тренингтер өткізіліп, құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылады. Осы уақыт ішінде жемқорлық, есірткі, діни экстремизмге қарсы 6 әлеуметтік ролик жасалған. 2016 жылдан бастап блогерлер пулы құрылып, танымал сайттар мен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіледі. Жастар ресурстық орталығы ВКонтакте, Инстаграм, Ғаcebook мобильдік қосымшаларында ашық топ ашып, мемлекеттік жастар саясатын жүргізуде. Қалада ахуал бірқалыпты. Дегенмен босаңсуға болмайды. Сондықтан жұмыстар кешенді түрде жоспарға сай жалғасады.

Медиация мақсаты – бітімгершілік

Көкшетау қалалық әкімдігінің жанынан медиаторлар кабинеті жұмыс істейтін болады. Бұл туралы қалалық мәслихаттың хатшысы Бауыржан Ғайса мәлімдеді.

Қоғам болған соң түрлі мәсе-лелер, түрлі түйткілдер орын алмай тұрмайды. Ондай мәселелерді са-уатты, салиқалы, байыппен шешудің оңтайлы жолы сот процестерінде татуластыру рәсімдерін кеңірек қолдану болып табылады. «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Қиықов, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің төрайымы Зере Еспайқызы, оқу саласының ардагері Күләш Темірбаева, «Болашақ» психологиялық орталығының жетекшісі Айгүл Жұмабекова сияқты зиялы қауым өкілдері осы игілікті іске атсалысатын болады. Көкшетау қалалық сотының төрағасы Ринат Шакуановтың айтуынша, қылмыстық істер сотта медиация рәсімін қолдану арқылы тоқтатылған кездері болды. Сот барысында отбасылық даулармен аппеляция сатысында ортақ шешімге келіп, ерлі-зайыптылар қайтадан қосылып, дауларын реттеген жағдайлар да бар.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс