Қоғамдық институттардың ықпалы күшейтілмек

 

Көкшетау қаласының қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтіп, оның жұмысына Алматыдан арнайы келген «Ақпараттық ресурстық орталығы» қоғамдық қорының директоры Алтынай Көбеева мен «Қоғамдық жоба» бірлестігінің сарапшысы Александр Братенковтар өз тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасты. Олардың айтуынша, қоғамдық ұйымдардың ықпалын күшейтіп, халықтың әлеуметтік жағдайын шешу бағытында жұмыстар атқарылуы тиіс. Ол үшін шетелдік тәжірибелерге сүйену керек.

«Қоғамдық жоба» бірлестігінің сарапшысы Александр Братенковтың айтуынша, билік пен қоғамның арасындағы қарым-қатынасына осындай институттар делдал болуы керек. Әр аймақтың өз ерекшелігі ескеріліп, құқықтық реттеу сапасын арттыру қажет. Азаматтық қоғам мүддесі алға шықпай, жемқорлық құрықталмайды. Сондықтан қоғамдық кеңестердің көшбасшыларын біріктіріп, әр аймақтың шешімін күткен мәселелері бойынша талдау жасап, оның жедел түрде жөнге келтірілуіне ықпал етіп, баға берілуі тиіс. Сонда ғана аталған институттардың беделі көтеріледі. «Ақпараттық ресурстық орталығы» қоғамдық қорының директоры Алтынай Көбееваның айтуынша, жылына ұйымға 700-ден астам хат түседі. Қарапайым халықтың өтініш-тілектерінен-ақ олардың осы институттарға сенім артатынын байқауға болады. Биыл қоғамдық ұйымдардың рөлі туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек. Сондықтан жер-жерде оның жұмысын жетілдіру бағытында нақты жобалар алға тартылуы тиіс.

Кеңесте, сондай-ақ, Көкшетау қаласының әкімшілік шекарасының салық салынатын нысандарының орналасқан жерін зондау коэффициентін бекіту туралы қалалық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің жетекшісі Гүлмира Шұқатова әңгімеледі.

 

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий