Қоғамдық көліктер өз жұмысын бастады

Мамырдың 12-нен өңірде қоғамдық көліктердің жұмысы қайта жанданды. Карантин кезінде қызметі уақытша тоқтаған 130 автобустың тең жартысы, яғни 70-і өз жұмысын жалғастырды. Тек қоғамдық көлік иелері мен жүргізушілер санитарлық талаптарды қатаң сақтауы тиіс. «Біз мамырдың 12-нен бастап өз қызметімізге қайта кірістік. Яғни, таңғы 07.00-ден бастап кешкі 20.00-ге дейін қала бойынша барлық бағытқа қоғамдық көліктер қатынап жатыр», – дейді «Көкшетау автобус паркі» серіктестігінің бас директоры Әсия Шәрімова. Қоғамдық көліктердің барлық жүргізушілері автобустардың ішін жуып-тазалап, дезинфекциялық шаралар жүргізуін тоқтатпайды. Оларға қойылатын басты талап та осы. Бір бағытқа барып келгеннен кейін санитарлық тазарту жұмыстарын үнемі жүргізулері қажет. Автобустардың барлығында антисептикалық құрылғылар қойылған. Ал, жүргізушілер мен кондукторлар маска мен қолғапта болады. Рейске шықпас алдында олар коронавирусқа қарсы тест тапсырды. Ал, жолау-шыларға қойылатын басты талап – 1 метр арақашықтықты қатаң сақтау.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий