Қоғамның барлық топтарын тарта отырып…

Қазіргі уақытта Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Оның біріншісі – «Кәсіби мемлекеттік аппаратты құру».

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 20 қыркүйектегі №1 «Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тестіден өткізу қағидаларын, бағдарламаларын және оны ұйымдастыруды бекіту туралы» бұйрығына сәйкес құқық қорғау қызметіне түсу үшін үміткерлер заңнаманы білу деңгейін анықтауға арналған тестілеуден, жеке қасиеттерін бағалаудан және әңгімелесуден үміткердің өтінішінде көрсетілген тестілеу бағдарламасы бойынша өтеді.
Құқық қорғау органдарына іріктеуге арналған жаңа механизм барлық органдарға бірыңғай белгіленген 3 тестілеу бағдарламасынан құралған. Заңнаманы білу деңгейін анықтауға арналған тестілеу кандидаттардың теориялық білімін анықтауға бағытталған. Бірінші бағдарлама жоғары басқарушы құрамға арналған және 9 құқықтық-нормативтік актілерінен тұрады. Кандидаттарға қойылған 135 сұрақтың 95-іне дұрыс жауап беру қажет. Екінші бағдарлама орташа басқарушы құрамның лауазымдарына нормативтік-құқықтық актілер бойынша сұрақтар бар. Аталған бағдарлама бойынша 105 сұрақ қойылады, соның ішінде 63-іне дұрыс жауап берілуі тиіс. Үшінші бағдарлама кіші басқарушы және қатарлы құрамға арналған 5 заңнан тұрады. Бұл бағдарлама бойынша ең аз дегенде 75 сұрақтың 35-іне жауап беру қажет. Тестілеу нәтижесі бойынша сертификат беріледі, бұл құжат бір жыл ішінде жарамды. Заңнамадан тестілеу қорытындысы бойынша сертификатты алған үміткерлер екі бағдарламадан тұратын тест нысанындағы жеке қасиеттерін бағалаудан өткізеді. Бірінші бағдарламасы бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті айқындауға бағытталған 120 сұрақты қамтиды, орындау уақыты 90 минутты құрайды. Екінші бағдарлама бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті айқындауға бағытталған 96 сұрақты қамтиды, орындауға 75 минут беріледі. Жеке қасиеттерін бағалау бойынша арнайы қорытынды беріледі. Тес-тілеу нәтижесі бойынша сертификат, жеке қасиеттерін бағалау бойынша қорытынды үміткерлерге барлық құқық қорғау органдарында өткізілетін байқауға қатысуға құқық береді. Тестілеуден өту үшін электрондық үкімет порталы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы алдын-ала жазылу қажет. Үміткердің өзіне ыңғайлы уақытын, өту күнін және қаланы белгілеу мүмкіндігі бар. Тестілеу Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде және оның аумақтық бөлімшелерінде өткізіледі. Процедураның айқындығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында тестілеу залдары мобильді байланысты бәсеңдету құралымен, үміткерді айқындау мақсатында кард-ридерлермен, әрбір жұмыс орны үміткерді фотоға түсіру мақсатында және тестілеу процесінің бейне жазбасын жүргізу үшін веб-камералармен жабдықталған. Тестілеуге Қазақстан Республикасының азаматтығын куәландыратын жеке сәйкестендіру құжаты бар үміткерлер қатыса алады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында XXI ғасырда дамудың басты факторы институционалдық өзгерістер, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықпен күрес екендігін айтып өтті. Елбасы алдымызға анық міндет қойды: қоғамның барлық топтарын тарта отырып, сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтау және жою жөніндегі жұмысты күшейту. Бұл мәселенің ойдағыдай шешім табуы еліміздің сыбайластық пен протекционизмнен ада, жарқын болашағы толғандыратын әр азаматтың мүддесі болып табылады.

Ерлаз Жайықбаев,
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департамент басшысының орынбасары

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс