Қуаныш Оспанов «Шабыт» фестивалінің дипломанты!

«Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің «Үздік әдеби шығарма» аталымы байқауына жүзден жүйрік шыққан 50 ақын екінші кезеңге өткізіліп, жеңімпаздар есімдері анықталды. Көкшетаулық жас ақындардың қатарында бағын сынаған Қуаныш Оспанов фестивальдің дипломанты атанды. Жерлесімізді қуанышымен құттықтаймыз!

«Шабыт» фестивалінің «Үздік әдеби шығарма» номинациясы бойынша жеңімпаз ақындар анықталды.

Ербол Алшынбай – Гран-При, Құрмет дипломы, медаль және ақшалай сыйақы 300 000 теңге;

Асылбек Жаңбырбай – 1-орын Құрмет дипломы, медаль және ақшалай сыйақы 250 000 теңге;

Айдана Сегізбаева – 2-орын, Құрмет дипломы, медаль және ақшалай сыйақы 200 000 теңге;

Медет Божан – 3 — орын, Құрмет дипломы, медаль және ақшалай сыйақы 150 000 теңге

Әлішер Әлімжан – «Әдебиет порталының» атынан Әмірхан Балқыбек атындағы арнайы сыйлық 50000 теңге

Арман Шеризат – Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы атынан арнайы сыйлық 75 000 теңге.

Ұмтыл Зарыққан – Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Кәкімбек Салықов атындағы атаулы сыйлық 75 000 теңге.

Лауреат атанбаған ақтық айналым қатысушылары қазылар алқасының шешімімен дипломдармен және «Халықаралық фестиваль дипломанты» атағымен марапатталды.

 

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс