Қуаныш сыйлады

Қазақстан Республикасы Президенті атынан балалардың Жаңажылдық шыршасы «Rixos Borovoe» қонақ үй кешені базасында өткізілді. Өңірдің әр ауданы мен қалаларынан келген екі жүздей бала көгілдір экран арқылы Елбасының құттықтауын тыңдады.

Балалардың жаңажылдық шыршасына 17 ауданнан, Степногорск, Көкшетау қалаларынан 5 балалар үйінен, 4 облыстық арнайы түзету мектеп-интернаттарынан, 3 дарынды балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаттарынан, жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу облыстық орталығынан, мүгедек балаларды қолдау ассоциациясынан оқу үздіктері, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедек балалар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың 9 жастан 13 жас аралығындағы 200 бала қатысты. Жаңажылдық мерекеге қатысушылар Аяз Атаның «Лапландия» резиденциясына саяхат жасап, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында мәдени-көпшілік бағдарламаны тамашалады. «Rixos Borovoe» қонақ үй кешенінде өткен мерекелік кеште балаларды 25 Аяз ата және 25 Ақшақар құттықтап, көпшілік назарына «Достықтағы күш және балалардың бірлігі» атты жаңажылдық театрланған көріністі ұсынды. Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жақсы сабақ үлгерімін тіледі. Жаңажылдық шыршаның ертегілік көрінісі тәтті үстелмен және ескерткіш сыйлықтарын тапсырумен аяқталды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс