Қызметкерлер құқығы қорғалады

 

Қала әкімінің орынбасары Алтынай Әміренованың жетекшілігімен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу комиссиясының кезекті отырысы өтті. Онда күн тәртібінде зейнетақы аударымдарын, әлеуметтік төлемдерді уақытында төлеу, еңбек қатынастарын заңдастыру, еңбек келісімін жасау, міндетті әлеуметтік сақтандыру қорының жұмысы тұрды. Отырыс соңында әкімшілік, кәсіподақтар бірлестіктері және жұмыс берушілер одағы арасында келісімге қол қойылды.

Бүгінгі күні Көкшетау қаласын-дағы бірқатар кәсіпорындардың өз қызметкерлері алдында көлемі 500 мыңнан асатын жалақы қарызы бар. Олардың қатарында «Дизель астық», «Казэлеватормельмонтаж», «Госсервис Көкшетау», «Көкше-Қамқор», «Механизатор», «Акцепт Терминал», «Көкшетау Жылу», «Көкшетау нан зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері тіркелген. Сондай-ақ, зейнетақы аударымдары мен әлеуметтік төлемдерді де уақытында жасамайтын ұйымдар бар. Банкрот деп жарияланған кей кәсіпорындардың қарызы кірістер департаментінің базасынан әлі күнге дейін өшірілмеген. Құрылыспен айналысып, кейін тоқырауға ұшыраған «Казэлеватормельмонтаж» акционерлік қоғамының қазіргі жетекшісінің айтуынша, қызметкерлердің ғана құқығы қорғалып, жұмыс берушілер назарға алынбайды. Жалпы алғанда, мәселенің ең өзектісі – жұмыс берушілер мен жұмысқа тұрушылардың арасында келісімнің болмауы. Осының салдарынан жалақысын ала алмағандар сотта ештеңе дәлелдей алмайды. Өйткені, қолдарында тиісті құжаты жоқ. Кейде жұмысқа уақытша қабылданғандар өзі жайлы деректердің жарияланбауына мүдделі болады. Себебі, мойындарында банктік несиелері бар. Отырыста мемлекеттік еңбек инспекциясының басшысы, кәсіподақтар бірлестігінің өкілдері сөз алып, көкейтесті мәселелер жайлы әңгіме қозғады.

«Көкше-ақпарат».

 

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий