Қызметке тағайындаулар

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің төрағалығымен кезекті аппарат кеңесі өтті. Оған облыстық мәслихаттың хатшысы Дулат Нұрмолдин, бірқатар облыстық басқармалар мен ведомстволардың басшылары қатысты. Кеңесте өңір басшысы облыстық әкімдікте жасалған бірқатар кадрлық өзгерістер жайлы хабарлады.

БектеновҚазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің ағымдағы жылғы 10 шілдедегі өкімімен Олжас Абайұлы Бектенов Ақмола облысы әкімінің экономика мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

Олжас Бектенов Қазақ мем-лекеттік заң академиясын бітірген, заң ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 2002 жылы әділет органдарында бастады. 2005-2009 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңсесінде, кейін Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінде әр түрлі лауазымда қызмет атқарды. 2009 -2012 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары болып істеді. 2012-2014 жылдары Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы органдарында істеп, 2015-2016 жылдары Астана қаласы мемлекеттік сатып алу басқармасының жетекшісі, Астана қаласы әкімі аппаратының жетекшісі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының хатшылық меңгерушісі болып істеді. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Астана қаласы бойынша жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық бюро департаментінің жетекшісі қызметін атқарды.

РахметовАқмола облысы әкімінің 10 шілдедегі өкімімен Қали Сұлтанахмедұлы Рахметов облыс әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды.

Қали Рахметов Целиноград ауыл шаруашылығы институтын ауыл шаруашылығы өндірісінің экономист-ұйымдастырушы мамандығы бойынша бітірген. 1982-1990 жылдар аралығында Есіл аудандық қаржы бөлімінің инспекторы, аға экономисі, Торғай облысы, Есіл аудандық партия комитетінің нұсқаушысы болып істеді. 1990-2011 жылдар аралығында Торғай және Ақмола облыстарының салық органдарында әр түрлі жауапты лауазымдық қызметтер атқарды. 2011-2015 жылдары Есіл ауданы әкімінің қызметін атқарды. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Есіл қаласындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің директоры болып істеді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс