Қызметке тағайындау

Көкшетау қаласы әкімінің өкімімен Иван Иванович Юрченко Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Иван Иванович 1980 жылғы 1 ақпанда Қостанай облысы, Черниговка поселкесінде туған. 1998-2001 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің қатарында азаматтық борышын өтеді. 2007 жылы Қазақстан инженерлік-экономикалық университетін инженер-эксперт мамандығы бойынша бітірді. Еңбек қадамын Алматы қаласындағы «Автомобиль шаруашылығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кә-
сіпорнында екінші сыныптағы слесарь жүргізушіліктен бастап, кейіннен атқарушы орган құрылымдарында бас маман болып істеді. Коммуналдық шаруашылық саласында жеті жылдық жұмыс өтілі бар. «Қостанай жылу-
энергетикалық компаниясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында абоненттік қыз-мет басшысы, Қостанай қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы транспорты және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы болып істеді. Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалғанға дейін Москва қаласындағы Евразиялық экономикалық комиссияның монополияға қарсы реттеу департаментінің кеңесшісі болып істеді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс