Қызметтеріне табыс тіледі

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев жақында ғана сайланған Станционный поселкесінің әкімі Ардақ Тасқынбай мен Краснояр селолық округінің әкімі Нұрлан Айсинді таныстырды.

Краснояр селолық активінің алдында сөз алған шаһар басшысы аталған елді мекенді осы кезге де-йін басқарып келген Базарбай Әбуовке алғысын айтып, жергілікті тұрғындардың көкейтесті мәселесін шешуде атқарған қажырлы еңбегін атап өтті. Осы лауазымды қызметке екі мәрте сайланған Базарбай Қабиденұлы өзіне жүктелген міндетті өз дәрежесінде атқарды. Ол аталған елді мекеннің әлеуметтік-
экономикалық дамуына ықпал етіп, абаттандырылуы мен гүлденуіне қол ұшын созды. Көшелер жөнделіп, жарық тартылып, балалар алаңдары жарақтанып, тұрғын үйлер қалыпқа келтірілді. Су және жылу желілері жөнделді. Бүгінде Красный Яр селосы жақсарып қалды. Орталық алаң гүлмен көмкеріліп, тазарды. Қазір мұнда 13 мың адам тұрады. Экс-әкімге нәтижелі жұмысы үшін ардагерлер де алғысын білдірді. Бұдан былай Краснояр селолық округінің тізгінін Нұрлан Айсин алды. Ол мемлекеттік қызметте тәжірибе жинақтаған, ауыл тұрғындарымен жұмыс істеудің не екенін білетін, қалалық әкімдікте лауазымды қызметтерде болған адам. Кәсіпкерліктің де қыр-сырына қанық. Қала әкімі Ермек Маржықпаев Красный Яр селосын одан әрі көркейту жұмыстарында Нұрлан Айсинге табыс тіледі. Ал, Станционный поселкесін бұдан былай Ардақ Тасқынбай басқаратын болады. Ол Зеренді ауданының салық басқармасында бірнеше жыл қызмет атқарып, Мәлік Ғабдуллин ауылдық округіне жетекшілік еткен. Әкімдіктерде лауазымды қызметтерде тәжірибесі бар. Станционный поселкесі активінің алдында шаһар басшысы Ермек Маржықпаев жаңа әкімнің жұмысына табыстар тіледі. Аталған елді мекенді осы кезге дейін басқарып келген марқұм Есей Байдалинді еске алып, аталған елді мекенді дамыту ісіне қосқан үлесін атап өтті. Жаңа сайланған әкімге осы үрдісті жалғастыратынына сенім білдірді. Ол үшін жергілікті кәсіпорындармен тығыз байланыс орнатып, қажет уақытта шешім қабылдап, іскерлікпен нәтижелі жұмыс істеу қажет деді.

Гәкку АСЫЛБЕКҚЫЗЫ.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс