Қызмет көліктерінің кілті тапсырылды

Облыс әкімі Мәлік Мырзалин 12 мамырда Тәуелсіздік алаңында сап түзеген облыстық ішкі істер департаменті салалық қызметтерін аралап, учаскелік инспекторларға қызмет көліктерінің кілтін тапсырды. Шараға қала әкімі Ермек Маржықпаев қатысты.

Облыс басшысы, әсіресе, осызаманғы озық құрылғылармен жарақталған жылжымалы криминалдық сараптама зертханасының жұмысына оң бағасын беріп, есірткі тарату қылмысын ашуға септігін тигізетін кинологтар құрылымының жұмысына назар аударды. Жергілікті жерлердегі қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін сақтау сияқты маңызды жұмыстарды атқаратын учаскелік инспекторларға жүктелер міндет жүгі ауыр. Осыған орай облыстық әкімдік жергілікті полиция қызметін техникалық жағынан жабдықтау мәселесін шешу мақсатында 18 жеңіл автокөліктің кілтін табыс етті.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс