Қылшақты өзенінде су деңгейі көтерілді

– Ақмола облысында Қылшақты өзенінің деңгейі көтеріліп, автокөлік көпірін су басып қалды, – деп хабарлайды тілшіміз ҚР ІІМ ТЖ комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовке сілтеме жасап. Наурыздың 14-інен 16-сына дейін облыс аумағында күн жылынған, ауа температурасы күндіз +1С-тан +8С-қа дейін жетсе, түнде +1С-тан +4С-қа дейін жылы болған. «Қалың қардың еруіне байланысты, қала маңында, Бурабай және Зеренді аудандары аумағынан, Көкшетау қаласында таңертең Қылшақты өзеніндегі су деңгейі 1 м 40 см-ге (қауіпті деңгейі 3 м 20 см) көтерілгені байқалды», – деп атап өтті ТЖК-да. «Судың көтерілуі салдарынан Б.Әшімов көшесінің бойындағы №12 орта мектеп маңында автомобиль көпірін су басып (биіктігі 10-15 см, ені -8 м) қалды. Су басқан жерде және Қылшақты өзенінің бо-
йында жергілікті атқарушы органдар, жергілікті полиция қызметі және төтенше жағдайлар бөлімі кезекшілік ұйымдастырды. Тұрғын үй кешені мен әлеуметтік нысандарды су басуға жол бермеу бойынша жедел шаралар қабылдау мақсатында Қылшақты өзенінің жағасын күзету және тазарту жұмыстары ұйымдастырылды. Сондай-ақ, 16 наурызда Қылшақты өзені мен Қопа көлінің қосылатын жерінде 855 шаршы метр аумақта мұз жару жұмыстары жүргізілді», – деп хабарлады ведомстводан. Оқиға орнында ТЖД күштері мен құралдары тартылған: 4 техника, жалпы саны 11 адам болатын жеке құрамның 1 қайық, 6 фронтальды тиегіш, 6 жүк техникасы, 4 су сорғыш техника, қызметкерлердің жалпы саны 45 адам, ЖП: жеке құрамның 4 адамы бар 2 патрульдік экипаж қосылды. «Су тасқыны қаупі бар учаскелердің пас-портына сәйкес Көкшетау қаласында жалпы саны 183 тұрғын үй бар, оның ішінде бес қабатты 3 үй және №8 және №12 орта мектептер бар», – деп атап өтті ТЖД-да.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий