Қымбатты байланыс және ақпарат қызметкерлері!

Баршаңызды кәсіби мерекелеріңіз – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке түрлі мамандық иелері – газет, теледидар, радио журналистер, баспа өнеркәсібі мен оны таратушыларды, соңғы уақыттан бері әлеуметтік желілердегі блоггерлерді біріктіреді, бұл күн ақпараттық кеңістік әлемінде қажырлы еңбек ете жүріп, қоғамдық пікірді қалыптастырып, білім мен жоғары адами идеалдарды насихаттайтын мамандық иелерінің мерекесі. Сіздердің арқаларыңызда біздің өңір тұрғындары аймақта, мемлекетіміз бен әлемде болып жатқан үлкенді-кішілі оқиғалар туралы тез арада толық және шынайы ақпарат алады, ұлан-ғайыр саяси және экономикалық үдерістердің ортасында жүргендей күй кешеді. Бүгінгі күні журналистердің еңбегі мен қоғамдық өмірімізге қосып жатқан үлесі зор бағаға ие. Жекелеген қызмет түрлеріне қарамастан аталған мамандық өкілдері ақпараттық кеңістікті кеңейтуімен бір-бірімен үнемі тығыз байланыста, яғни қоғамдық пікірді қалыптастырып, адамдарды жақындастырады. Осынау мереке қарсаңында Көкшетау журналистикасында саналы ғұмырларын оқырман қауымға қалтқысыз қызмет етуге арнаған баспасөз ардагерлеріне алғысымыз шексіз. Сіздер жоғары кәсібилік, азаматтық көзқарас үлгісін көрсете отырып, жаңа реформаларға белсене үн қосып, жастарды рухани тазалық пен адамгершілікке шақырып, қоғамдағы заң мен құқықтық тәртіпті, келісім мен тұрақтылықты нығайтуға үлес қосып келесіздер. Барша бұқаралық ақпарат өкілдерін Көкшетау қаласының мемлекеттік құрылымдарымен тығыз байланыс орнатып, бірлесе еңбек етіп келе жатқаны үшін алғыс білдіремін. Бірлескен жұмысымыздың одан әрі жалғасарына, ал Сіздердің жоғары кәсібиліктеріңіз Көкшетау қаласының оң имиджін қалыптастыруға ықпал етеріне сенімдімін. Сіздерге және жақындарыңызға мықты денсаулық, мазмұнды да жарқын табыстар, шалқар шабыт, қаламдарыңыздың ешқашан мұқалмай, ұшқыр бола түсуін тілеймін!

Ермек МАРЖЫҚПАЕВ, Көкшетау қаласының әкімі.

Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Бүгінгі таңда бір де бір адам бұқаралық ақпарат құралдары, баспасөз, радио және теле-бағдарламаларынсыз күнделікті өмірін елестете алмайды. Қазақстан Тәуелсіздік дәуірінің алғашқы жылдарынан бастап баспасөз саласындағы халықаралық беделді құжаттардың аясында БАҚ-тың еркіндігін қамтамасыз етіп келе жатқан мемлекет. Еліміздің абыройын асқақтатып, жан-жақты даму жетістіктерін насихаттауда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі қашанда жоғары.  Бүгінгі кәсіби мереке күні баршаңызға  зор денсаулық, ашық аспан, таусылмас өмір қуатын тілейміз. Қаламдарыңыздан қасиет кетпей, шабыттарыңыз шыңдала берсін. Табысты да жемісті еңбектеріңіз ақталып, алдағы мақсаттарға жету жолындағы жаңа биіктер мен шыңдардан көріне беріңіздер!

Еркін ИСІМБАЕВ, Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий