Қырағылық танытуды сұрайды

Жыл сайын жазғы мезгілде жас бүлдіршіндердің терезеден құлап кету жағдайлары тіркеледі.
Мысалы, өткен жылы Ақмола облысында терезеден бес бала құлап кеткен, бақтарына орай олардың барлығы аман-есен. Бүлдіршіндер ашық тұрған терезеге қызығушылық танытады. Қарт туыстарына немесе кәмелеттік жасқа толмаған балаларға бүлдіршіндерді қалдырған кезде, ата-аналар қарт адамдарға шапшаң қимылдайтын баланың әрекеттерін қадағалау қиындыққа түсетінін, ал жасөспірімдер ашық тұрған терезе өзінен кішілерге қауіп төндіретінін бағалай алмайтындығын ескерулері қажет.
Кәмелеттік жасқа толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар алдын алу субъектілері мекемелерінің өкілдерімен бірлесе кәмелеттік жасқа толмағандармен жарақаттану жағдайларының алдын алу жөнінде азаматтармен түсіндіру жұмысын жүргізеді. Жантүршігерлік оқиғаға жол бермеу туралы ақпаратты полицейлер түрлі кездесулер форматында халыққа жеткізеді. Полицейлер көп жағдайларда жазым оқиғалар ата-аналардың салғырттығынан болатынын атап өтеді.
Ата-аналар терезеге қойылған тор бөгеудің баланың салмағын көтере алмайтынын ескере бермейді. Осыған байланысты полицейлер қашанда балаларға қатысты қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий