Қысқа дайындық қарқынды жүруде

Әкiмдiктiң кезектi аппарат мәжiлiсiнде қала басшысы Ермек Маржықпаев таяп қалған жылу маусымы туралы мәлiметтердi пысықтады. Бүгінде қалада көптеген жұмыстар атқарылып, қысқа дайындық қамдалып қалды. Қуанарлығы ұзақ жылдар бойы жөндеу көрмеген жылу құбырлары ауыстырылуда.

Тұрғын үйлердің қыс маусымына дайындығы тексеруден ұдайы өткізілуде. Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет пен спорт нысандары барлығы да 1 қыркүйекке дейін жылу жүйелері жөндеуден өтті. Қала басшысы алда болатын сенбiлiктерге үлкен мән берiп, оны ұқыпты өткiзуге жұмылуға шақырды. Өйткенi, қыс айларындағы қала тазалығы алдымен осы сенбiлiктерге байланысты. Жол жиектерi, арықтар, жылғалар мұқият тазаланып, жапырақ, күл-қоқыстардың қар астында қалмауын ескеру керек. Күзде егiлетiн ағаштар орны тағы да тексерiлiп, оның барлық талаптары жүзеге асырылуы тиiс.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий