Қыс қызығы – Қансонар

Бурабайда 9 желтоқсан күні «Қансонар» халықаралық турнирі өтеді. Бұл жолғы турнирге Қазақстан Республикасы және Венгрия, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей елдерінен бүркіт, ителгі, қаршыға баптаумен айналысатын құсбегілер шақы-
рылып отыр. Басталуы – сағат 11.00-де. Бұл күні курортты аймақтағы демалыс орындары 30-50 пайызға дейінгі жеңілдікпен қызмет көрсететін болады. Мәліметтерді www.akmotic.kz туристік ақпаратттық сайтынан, Соll орталықтың 72-33-32 телефонынан алуға болады. Шараны тамашалауға ниет білдіргендер «Круиз» турфирмасының арнайы автобусымен бара алады. Көкшетаудан шығу уақыты: 9 желтоқсан күні Абай көшесі бойындағы «Оқжетпес» стадионы, сағат 8.30-да. Қансонар алаңынан Көкшетауға қайту уақыты: 9 желтоқсан күні сағат 17.00-де. Сондай-ақ, келесі күні қайтатындар үшін «Айнакөл» қонақүйінен сағат 16.00-де автобустар қатынайды. Жолақы құны – 1 мың теңге. Алдын ала орын алу үшін «Круиз» турфирмасының 76-31-11, 76-31-12 телефондарына хабарласу қажет.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий