«Қыс-2021» оқу-жаттығуы басталды

Ақмола облысында «Қыс-2021» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары басталды, оған Төтенше жағдайлар департаментінің аумақтық бөлімшелері, облыстық Азаматтық қорғау қызметтері, БАҚ, оқу-жаттығуға қатысатын мекемелер, кәсіпорындар мен ұйымдар басшылары қатысты, – деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Өткен жылдың қыс мезгілінде Департаменттің бөлімшелері полиция департаментімен, қалалар мен аудандар әкімдіктерімен, жол қызметтерімен бірлесіп қар құрсауынан 89 бірлік техниканы сүйретіп шығарды. Республиканың автожолдарында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін ТЖ құтқару бөлімшелері 69 шығуды жүзеге асырды. 550-ден астам адам құтқарылды және эвакуацияланды, жылыту пункттерінде 817 адам орналастырылды.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий