«Құмай» археологиялық- этнографиялық кешенінде болды

Облыс әкімі Мәлік Мырзалин жұмыс сапарымен Ерейментау ауданында болғанында бірқатар өндірістік кәсіпорындардың жұмысымен және мәдени мұра нысандарының жағдайымен егжей-тегжейлі танысып, «Туған жер» бағдарламасына орай төрт мың жылдық тарихы бар «Құмай» археологиялық-этнографиялық кешенінде атқарылып жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарына назар аударды.

Өңір басшысы Мәлік Мырзалин Новомарковка селосындағы «Жаңа Береке» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ет өңдейтін кешенінде болды. Бұл кәсіпорынның үш мың бас ірі қара өсіретін мал семірту алаңы бар. Мұнда жылына бес мың тонна ет және ет өнімдері өндіріліп, негізінен Астананың сауда орындары арқылы сатылуда. Шаруа қожалығының атқарушы директоры Жандос Хасеновтың айтуына қарағанда, шығарылатын өнімдерін экспортқа шығаруға да ниеттеніп отырса керек. Одан кейін облыс басшысы Астана тұрғындарын таза, экологиялық өнімдермен жабдықтауға бағытталған «Хамзе» шаруа қожалығында болды. Мұнда таяу арада төрт жүз бас ірі қара малға арналған тауарлы -сүт фермасы ашылмақ. Қазірдің өзінде шаруашылыққа Германиядан 132 симментал тұқымды қашарлар әкеліпті. Сондай-ақ өңір басшысы қорғаныш шлемдерін шығаратын «KazArms»жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде, 60 пәтерлік тұрғын үй құрылысында болып, өңірдегі алғашқы жел-электр станциясының жұмысымен танысты.

Облыс әкімі Астанадан 120 шақырым жерде орналасқан «Құмай» археологиялық-этнографиялық кешенде атқарылып жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарымен танысты. Құмай өзенінің бойындағы мәдени мұра нысандарын зерттеу жөніндегі жобаның жетекшісі Л. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінің профессоры, түрколог Алма Досымбаева облыс басшысын «Туған жер» бағдарламасы аясында республикалық және халықаралық туризмді дамытуға лайықталған жобамен таныстырды. Құмай ландшафтық, археологиялық және этнографиялық паркін құру арқылы Қазақстан территориясындағы көне және орта ғасырлық мәдени мұраларды зерттеуге мүмкіндік бермек. Бұдан кейін Мәлік Мырзалин Бөгенбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінде болып, оның жұмысын «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жетілдіруді тапсырды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс