Құран сүрелерін үйретеді

Көкшетауда ашылған Тілеулес қажы атындағы Құран жаттау орталығында қазіргі күні 9 жас Құран-Кәрімді оқып жатыр.
Олардың бәрі қалада колледж-дерде оқиды және сабақтан бос уақыттарында діни білім алады. Екі-үш жылда бұл жастар қасиетті кітапты түгел жаттап, қари атанбақ. Орталықта оқушылардың білім алуы үшін қажетті жағдайлардың бәрі жасалған. Жататын орындары, тамақтары тегін. Жастарға ұстаз Бауыржан Төлегенұлы дәріс береді. Ел арасында коттедж қалашығы атанып кеткен шағын аудандағы екі қабатты сәулетті коттеджді партия ардагері, белгілі қоғам қайраткері, Көкшетау қаласының құрметті азаматы Болат Ахметжанұлы мешітке сыйға тартыпты. Ақылдаса келе, орталық атауын Болат ағаның дүниеден өткен жары Тілеулес қажы Өтеуліқызының есімімен атауға шешім қабылданған. Қуаныш қажы Жұмабайұлының айтуынша, биыл жазда сыртқы абаттандыру жұмыстары жүргізіледі және бірінші қабаттан дәмхана ашылады. Жаңа орталық алдағы уақытта Құранды жатқа оқитын жас қариларды дайындауға игі ықпалын тигізетін болады.

Әсем Жүніс

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий