Құрбан айтта 13 тонна ет таратылды

Қасиетті Құрбан айт елімізде мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіледі. Осы күні мешіттерде айт намазы оқылды. Бұл діни мерекенің ең басты шарты – құрбан шалу. Ақмолалықтар да Құрбан айт мерекесін ыстық ыждаhатпен қарсы алып, құрбан шалды. Науан хазірет мешітінің ұйғарымымен Көкшетау қаласында онлайн құрбан шалатын орынға «Бижан» ет комбинаты таңдалынып алынды. Облыс орталығында барлық рәсім онлайн негізде өтсе, аудандарда офлайн жолымен құрбан малдары шалынды.
Айттың бірінші күні облыс бойынша 259 қой және 41 ірі қара мал құрбандыққа шалынып, барлығы 13 тонна ет 1600 мұқтаж отбасыға қайырымдылық негізде таратылды. Орталықтандырылған құрбан шалудан басқа өз үйлерінде діни рәсімді өткізіп, құрбан мал еттерін мешіттерге әкеп тапсырған адамдар да көп болды. Ол еттер де аз қамтылған отбасыларға таратылды. Ақмола облысының бас имамы Қуаныш қажы Сәбит қазіргі пандемияның қиындығы діни рәсімдерге де кедергісін келіріп отырғанын айтты. Ең бастысы, адамның саулығы дейді ол. Сондықтан мешіт ислам күнтізбесіндегі айтулы мейрамды той жасаудың емес, ізгілік мен мейірімділіктің алтын арқауына айналдыру маңызды екенін атап өтті өкіл имам.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий