Құрметке бөленді

Құрылысшы – адамзат өркениетінің бастауында тұрған мамандық иесі. Экономиканың өрісті бұл саласының игі және мәртебелі істеріне үлес қосу құрылысшылар үшін үлкен құрмет әрі жауапкершілік. Бұл бағытта қолжеткен жетістіктер, алда тұрған міндеттер облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің қатысуымен «Достар» мәдениет сарайында өткен салтанатты жиналыс барысында айтылды.

Салтанатты жиында сөйлеген құттықтау сөзінде облыс әкімі құрылысшылар мен сәулетшілердің қалаларымызды, ауылдарымызды сәндендіріп, адамдардың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған өміршең істеріне жоғары баға берді. Осындай белсенді жұмыстың нәтижесін облысымыздың бас шаһары Көкшетау қаласының бүгінгі тыныс-тіршілігінен айқын аңғаруға болады. Соңғы екі-үш жылда қаламыз адам танымастай өзгерді. Сәулет өнерінің соңғы үлгілерімен салынған көпқабатты тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар бой көтерді. Бірінші жартыжылдықта өңірде жүргізілген құрылыс көлемі өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыс-
тырғанда 101,5 пайызды құрапты. Биылғы жылы екі мыңнан астам пәтер пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін бюджет қаржысы есебінен тағы да 860 пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Солардың қатарында Көкшетау қаласындағы Неке сарайы осы айда пайдалануға берілмекші. Жиын барысында облыс әкімі өндіріс озаттары мен мамандарына, шаруашылық жетекшілеріне «Қазақстанның құрметті құрылысшысы» төсбелгісі мен Алғыс хаттар тапсырды. Сондай-ақ, облыс әкімінің атынан еңбек ардагерлеріне гүл шоқтары табыс етілді. Салтанатты шара мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасты.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс