Құрметпен еске алынды

Жақында Жоғарғы соттың судьясы, облыстық соттардың төрағасы болған марқұм Ақжан Ештайдың алпыс жылдығына орай шығарылған «Ақжанның ақ жолы» атты кітаптың тұсаукесері болып өтті. Шараны Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әмір жүргізді.
Кітапқа марқұмның әріптестері, достарының ол туралы естеліктері жинақталған. Сондай-ақ, оның өзінің жазған мақалалары мен әр жылдарғы суреттері топтастырылған. Онлайн форматта өткен тұсаукесер рәсіміне ҚР Жоғарғы Соты Төрағасының кеңесшісі Нұрлан Қалқа, Ақжан Ештайдың жары, еңбек ардагерлері, ақсақалдар, кейбір облыстар мен аудандық соттар төрағалары қатысты. Шара үстінде Нұрлан Қалқа, А.Ештайдың жұбайы мен балалары, Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ш.Әлиев, отставкадағы судья Мейрам Ғибаділов, «Көкше-Media» ЖШС-нің директоры Жалғасбек Сүлейменов, бірқатар сот жүйесінің қызметкерлері сөз алып, А.Ештайдың кәсіби, білікті маман, тәжірибелі судья, үлкен ұйымдастырушы, жақсы жолдас, мейірімді әке болғандығы туралы әңгімеледі. Ақмола облыстық сотының төрағасы айтқандай, Ақжан Жайлауханұлы жоғары тәжірибелі судья, жақсы ұйымдастырушы және жастарға тәлімгер болды. Ол өзінің сүйікті мамандығы – сот төрелігіне әділдікпен және адалдықпен қызмет етіп, жастармен кездесуге әрдайым уақыт бөліп, салауатты өмір салтын ұстанып, футбол, волейбол спорт ойындарын ерекше ұнатты. Ақмола облысының соттары соңғы 3 жылда Ақжан Жайлауханұлы Ештайды еске алуға арналған, оның туған күні қарсаңында судьялар мен сот жүйесінің қызметкерлері арасында спартакиада өткізеді. Бұл дәстүрге айналған. Шараға қатысушыларға білікті заңгер туралы дайындалған бейнеролик те көрсетілді.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий