Құрметпен еске алынды

Көкшетауда ҚазССР Бас прокуроры Ғалым Елемесовтың 90 жылдығына арналған еске алу шарасы өтті. Ақмола облыстық прокуратурасы ғимаратының алдында ұйымдастырылған шараға Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев, Ғалым Елемесовтың туған-туысқандары, замандастары және әріптестері қатысып, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов ҚР Бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетовтың осы шараға арнайы жолдаған хатын оқып берді. «Өткенсіз болашақ жоқ екенін баршамыз білеміз, – деді аймақ басшысы Ермек Маржықпаев. – Бүгін біз танымал тұлғаны еске алып отырмыз. Көкшетау қаласында Ғалым Елемесов атындағы көше мен еңселі ескерткіші бар». Айта кетейік, Ғалым Бәжімұлы 1929 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Заңгерлік институтын бітірген соң өзінің еңбек жолын 1951 жылы Көкшетау қаласының прокуратурасында бастап, бірқатар жауапты лауазымды қызметтерді атқарған. Көкшетау және Семей өңірлерінде облыс прокурорының орынбасары болған. 1975 жылы СССР Жоғарғы сотының мүшесі болып сайланып, кейін Қазақ ССР Жоғары сотының төрағасы қызметіне тағайындалған. Қазақ ССР Бас прокуроры болып жүрген кезінде де өзіне жүктелген жауапты міндетті абыроймен атқара білді.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий