Құрметті азаматтар – ел мақтаны

«Көкшетау» мәдениет сарайында Көкшетау қаласының 195 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өтті. Салтанатта Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев баяндама жасап, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму барысына шолу жасай келіп, Көкшетау қаласының тыныс-тіршілігіне тоқталды.
– Сүйікті қаламыздың іргетасы қаланғанына 195 жыл болса, 1999 жылы Қазақстан Респуб-ликасы Президентінің Жарлығымен қайтадан облыс орталығы мәртебесіне ие болғанына 20 жыл толып отыр. Сол 1999 жылдан қаламыз өз дамуының жаңа кезеңін бастаса, соңғы төрт-бес жылда қаланың жан-жақты, серпінді дамуы қарқын алды. Оған тек мемлекеттік қызметкерлер ғана емес, бүкіл қала тұрғындары атсалысуда. Көкшетаудың көркеюіне қаланың әр тұрғынының үлесі бар.Елбасы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 2016 жылы осында келгенінде қаламыз туралы «Көкшетау – еліміздегі ең әдемі қалалардың бірі» деп баға берген болатын, – деді өз сөзінде Е.Маржықпаев.
Расында да, Көкшетаудың соңғы жылдарғы даму қарқыны ерекше. Жаңадан демалыс орындары, бақтар мен скверлер, биіктен, Бұқпа тауы үстінен қаланы тамашалау алаңдары, IT мектебі, «Авиценна» емдеу орталығы, қосалқы мектеп ғимараттары, балабақшалар, Неке сарайы, Қан орталығы, жағажайлар, көп қабатты тұрғын үйлер салынды. Көп қабатты үйлер алдынан жабдықталған балалардың ойын және спорт, воркаут алаңдары көптен ашылды. Өңір басшысы бұл жұмыстардың алға қарай жалғаса түсерін айтты.
Жөнделген М.Ғабдул-лин көшесінен Қылшақты өзенінен өту үшін салынатын көпір биыл пайдалануға беріледі. Қосымша тағы екі жерден жолайрық салынып, көлік қозғалысы жеңілдей түспек. Жалпы, қала 2020 жылы өтетін халықаралық форумға дайындықты жалғастыра бермек.
Баяндама соңынан облыс әкімі Е.Маржықпаев қаланың әдеби-мәдени, әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар қала тұрғындарын марапаттады. Социалистік Еңбек Ері Сүйіндік Исмағамбетов, еңбек ардагерлері Тельман Мұқышев, Ольга Мырзагелдинова, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шияп Әлиевтер «Көкшетау қаласының құрметті азаматы» атанды. Айдос Әбутәліпов, Сансызбай Сейітов, біздің әріптесіміз, «Степной маяк» газетінің фототілшісі Валентина Отт, дәстүрлі әнші Бисара Мәкеновалар облыс әкімінің «Алғыс хатына» ие болды. Шаңырақ құрғандарына 50 жыл толып, лайықты ұрпақ тәрбиелеген Таймановтар отбасы сахна төріне шақырылып, құттықталды.
Салтанатты шара барысында аймақ басшысының қолынан 7 бала тәрбиелеп отырған Оразқан Әжіқан «Алтын алқа», 6 баланың анасы Сәуле Ақыбаева мен Айсұлу Бимендина «Күміс алқа» төсбелгісін алды. Көкшетау қаласының әкімі Амангелді Смайылов мінберден қала тұр-ғындарын мерейтоймен құттықтап, ҚР Президенті Қ.Тоқаев алға қойған тапсырмаларды орындау жолындағы жұмыстардың екпінді жүре беретінін, қалада қолға алынған игі бастамалардың жалғасатынын айтып, жиналған жұртшылықты қаланың айшықты мерекесімен құттықтады. А.Смайылов бірқатар қала тұрғындарын қала әкімінің Алғыс хаттарымен марапаттады.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий