Құрметті білім саласының қызметкерлері!

Құрметті ұстаздар! Сіздердің кәсіби мерекелеріңіз шынында да халықтық мереке. Өйткені, ұстаз алдынан білім алмайтын адам жоқ. Сондықтан жазу-сызуды үйреткен жандар алдында қашанда қарыздармыз. Өмір педагогтарға жоғары талап қойып келеді. Бірақ қазір мұғалім тек кәсіби сауатты ғана емес, жаңа оқыту әдістері мен құралдарын жетік меңгерген маман болуы тиіс. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев отандық білімді заманауи тұрғыда реформалауға баса мән беріп отыр. «Өмір бойы білім алу» деген қағиданы әр қазақстандық ұстануы тиіс. Сонда ғана біз бәсекеге қабілетті бола аламыз. Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында: «Әр қазақстандық білім – болашақтың кілті екенін ұғынуы тиіс. Егер құндылықтар қатарында білім басты орын алатын болса, онда ұлт та табысты болады» деген еді. Бүгін балаларды өзінше ойлауға, шешім шығаруға және өз таңдауына жауапкершілікпен қарауға үйрету маңызды. Осы жолда әр шәкіртке бағыт сілтеп, жол көрсететін мұғалім екені белгілі. Ұстаздың жұмысы тек оқыту мен тәртіпке шақырумен шектелмейді. Ол өзінің білімділігімен, әр баламен тіл табыса білуімен кейінгі ұрпаққа болашаққа қадам басуына ықпал етеді. Сіздер әр адамға қажетті мамандықты таңдап алғансыздар. Балалардың жолын ашып, олардың дамуына да ықпал етесіздер. Ойлауға үйретіп, өзіне сенімділікті ұялатып, өз ісіне жауап беруге баулисыздар. Осы ретте ардагер ұстаздарға ерекше алғыс айтқым келеді. Барлық ұстаздар қауымын төл мерекесімен құттықтаймын. Бұл мерекені баршамыз болып атап өтеміз. Мұғалімдердің жүрек жылуы ешқашан сарқылмасын, өз ісіне деген шын берілгендік ұшқыны лаулай түссін. Барлық ұстаздар қауымына мықты денсаулық, толағай табыс, шыдамдылық пен мейірім тілеймін.

Ермек Маржықпаев, Көкшетау қаласының әкімі. 

Сіздерді депутаттар корпусының атынан Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында 6 бағытқа басымдық берілген. Соның бірі – білім беру жүйесін жаңаша жетілдіру. «Дамыған бәсекеге қабілетті мемлекет болу үшін біз жоғары білімді ұлт болуымыз керек» – деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап өткендей, бүгін отандық білімді дамыту мемлекеттік саясаттың маңызды басымдылықтарының қатарында тұр. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады.Ұстаздардың жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім-тәрбиесі мен  үлгі-өнегесі өлшеусіз. Сіздердің бала көңілдеріңіз әр оқушының жандүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгеді. Өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шәкірт ұстазымен мақтанады. Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отырып, Сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстарыңызға және еліміздің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс, мықты  денсаулық, баянды бақыт, сәттілік, шыдамдылық тілеймін. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын.

Еркін Исімбаев, қалалық мәслихаттың хатшысы.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий