Құрметті көкшетаулықтар мен қала қонақтары!

Баршаңызды мемлекеттік мереке – Отанымыз Қазақстан Рес-публикасы Астанасының 20 жылдығымен құттықтаймын! Барша қазақстандықтар үшін бұл Астананың және бүкіл Қазақстанның болашаққа жаңа биіктіктер, жетістіктермен серпінді қадам жасауға ұмтылысын айшықтайтын айрықша мәнге ие мереке.  Астана тарихы Қазақстан тәуелсіздігі жылнамасының айшықты беттерінің бірі. Астана – қазақстандықтардың орындалған армандары мен үмітінің бейнесі. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа қала салу туралы идеясы біздер үшін шынайылықтың, жаһандану тарихы ағынында қазақстандық даму жолының озық үлгісіне айналды. Гүлдену, халықтың қуаты мен күшіне ие болған Астана еліміздің үздіксіз дамуы, Smart City – болашақтың қаласына ұмтылған, жасампаздық пен шығармашылық әлеует, рухани даму діңгегі, Қазақстан халқының бірігуі мен топтасуының негізіне айналды. Динамикалық түрде дамып, жас астана бүкіл елімізді сенімділікпен өз артынан жетектеп келеді.  Мемлекетіміздің экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктері, миллиондаған қазақстандықтардың армандары, үміттері және болашағы онымен байланысты. Бүгінгі Астана осы заманғы бірегей архитектурасымен әлемдегі әсем қалалардың бірі. Алдымызда әлі ауқымды жос-парлар мен жобалар тұр. Оны жүзеге асыруға еліміздің әрбір тұрғыны өз үлесін қосуы тиіс. Баршамыз күш біріктіре отырып Қазақстанды, астанамыз бен туған қаламыз Көкшетауды одан әрі дамытып, гүлдендіре аламыз.  Осы бір айшықты мереке қарсаңында сіздерге мықты денсаулық пен бақыт, бейбітшілік пен амандық, табыстар, Отанымыз Қазақстан Республикасының игілігі жолында жаңа жеңістер тілеймін.

Ермек Маржықпаев, Көкшетау қаласының әкімі.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық көрегендігімен бас қала атанған, ажары кіріп, айбыны асқақтаған Астана бүгінгі күні еліміздің бойтұмарына айналды, тұрақты дамудың, өсу мен өркендеудің даңғыл жолына түсті. Қазіргі Астана – саяси көшбасшылар, іскерлік серіктестер мен инвесторлар, діндер мен конфессия өкілдері, зиялы қауымның кездесіп, кеңес құратын орын, шығармашылық жоспарларды, инновациялық идеялар мен батыл бастамаларды жүзеге асыру алаңы. Біздің жас та көркем, қадамы нық қаламыздың жыл өткен сайын маңызы артып, мәртебесі өсе түсуде. Қай-қайсымыз да Елорданың тарихымен, дәстүрімен, мәдениетімен және қайталанбас қолтаңбасымен мақтанамыз. Еліміздің ертеңіне көз тіккен Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласымен ұлттық құндылықтар арқылы өскелең ұрпақты тәрбиелеуге айрықша мән беріп, киелі мекендер мен басқа да жәдігерлер кешенін өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен орнықтыруды меңзейді. Осы керемет бағдарлама арқылы ХХІ ғасырдағы жаңа ұлттың, жаңа қазақтың феноменін анықтап беріп отыр. Әрі Президентіміздің қолдауымен жүзеге асқан кешегі  айтулы домбыра думаны Астананың 20 жылдығына үлкен тарту болды. Баршаңызды осы қуанышты мереке күнімен құттықтай отырып, Сіздерге мықты денсаулық, баянды бақыт, бейбітшілік пен молшылық тілеймін!

Еркін  Исімбаев, қалалық мәслихаттың хатшысы.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий