Құрметті Көкшетау қаласының тұрғындары!

Көкшетау қаласының 194 жылдығына шынайы көңілден шыққан құттықтауымды қабыл алыңыздар! Бұл мереке барша көкшетаулықтарды қала келбетін одан әрі көркейтуге ұмтылдырады. Өйткені, Көкшетау – біздің ортақ үйіміз! Біз өзіндік сән-сипаты қалыптасқан, дәулеті мен сәулеті келіскен, жаңа жетістіктерге ие әсем қаламызды әр кез мақтан тұтамыз, әрі оның болашағына зор сеніммен қараймыз. Астаналық облыс орталығында 160 мыңға жуық тұрғын мекендейді, 113 этнос өкілдері келісім мен бейбітшілікте өмір кешуде. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың қойған міндеттерін жүзеге асыра отырып, қаламыз жылдан-жылға құлпырып, гүлденіп  келеді. Облыс орталығына жасаған әр сапарында Ұлт Көшбасшысы еліміздің ең әсем қалаларының бірі ретінде Көкшетаудың болашағы зор екендігін айрықша атап өтеді. Қаламыздың гүлденуі, көркейіп, дамуы ең алдымен өзімізге байланысты. Өзінің 194 жылдық тарихында Көкшетау Қазақстандағы көрікті қалалардың біріне айналды. Тұрғын үйлер бой көтеріп, көлік инфрақұрылымы құрылды, ауруханалар, мектептер, балабақшалар, мәдени мекемелер салынды. Көкшетаудың тарихы оның жан-жақты өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан адамдардың еңбегімен тығыз байланысты. Қала дамуына аға буын өкілдері – ардагерлер, зейнеткерлер қала дамуы жолында ұзақ жылдар қызмет етті. Көрікті мекен – Көкшетауға деген зор сүйіспеншіліктеріңіз, ерекше қамқорлықтарыңыз үшін алғыс білдіремін! Әсем қаламызға әрі қарай да гүлдену мен өркендеу, ал оның тұрғындарына мықты денсаулық, бақ-дәулет, алғырлық, жаңа табыстар тілеймін. Әр шаңырақта шаттық, молшылық, береке-бірлік орнай берсін!

Ермек МАРЖЫҚПАЕВ, Көкшетау қаласының әкімі.

Сіздерді тамаша мереке – Көкшетау қаласы  күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Бұл күн әрқайсымызға  туған қаламыз  үшін ерекше мақтаныш сезімін ұялатады. Көкшетау қаласының тарихы оқиғалар мен есімдері аңызға айналған тұлғаларға өте бай. Өз қаласына ерекше сүйіспеншілікпен қарайтын адамдар – қаламыздың  басты байлығы, олар күнбе-күн өз жұмыстарын атқара отырып, Көкшетау қаласының  қалыптасуына және дамуына орасан зор үлес қосуда. Осынау айшықты мереке қарсаңында Сіздерге бақытты да баянды өмір, зор денсаулық, қажымас қайрат, жемісті еңбек, шаңырақтарыңызға шаттық пен қуаныш, құт-береке тілеймін. Сүйікті қаламыз – Көкшетау көркейе берсін!

Еркін ИСІМБАЕВ, Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий