Құрметті көлік саласының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Қазіргі заманда экономиканың осы саласын бір сөзбен бағалау мүмкін емес. Көліктік инфрақұрылымның дамуынсыз елдің қалыпты жұмыс ырғағын қамтамасыз ету, ауылшаруашылығы, сауда, өнеркәсіп туралы айту мүмкін емес. Автомобиль және теміржол көлігі қала мен облыстың өндірістік сала, экономиканың маңызды тетігі деуге болады. Оның қызметкерлеріне күні-түні жұмыс істеуге тура келеді. Аталған салалар қалыпты жұмыс істеп тұр, заманауи үлгідегілері кәсіпорындарды және халықты жолаушылар тасымалымен қамтамасыз етіп, оларға жақсы жағдай жасап келеді. Көлік саласының қызметкерлерінің алдында маңызды мәселелерді шешу міндеті тұр. Олар өздерінің саналы ғұмырын сүйікті ісіне арнаған. Осы мереке күні сіздердің қажырлы еңбектеріңізге алғысымды айтып, барлық жақсылықтарды тілегім келеді. Қымбатты дос-тар! Сіздердің жұмыстарыңыз өте ауыр әрі жауапты. Адамдардың өмірі мен денсаулығына жауап бере жүріп, қашанда өз істеріңізге жауапкершілікпен қарайсыздар. Алдағы уақытта сіздерге және жақындарыңызға мықты денсаулық, бақыт және табыс тілегім келеді.

 Амангелді СМАЙЫЛОВ, Көкшетау қаласының әкімі.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий