Құрмет көрсетілді

Қала әкімі Ермек Маржықпаев туған өлке табиғатын көркейтуге өлшеусіз үлес қосқан ел ағасы Шабдан Тоқмурзинді 75 жылдық мерейтойымен құттықтап, қазақы дәстүрмен иығына шапан жауып, сый-сияпат жасады.

«Саналы ғұмырыңызды орман шаруашылығын дамытуға арнаған сіздің өмір жолыңыз кейінгіге үлгі. Осы өңірдің көк желекті орманының сақталуына көп күш жұмсадыңыз. Мерейлі жасыңыз құтты болсын! Ұзақ та берекелі ғұмыр кешуіңізге тілектеспін!», – деген ақжарма тілегін жеткізді қала басшысы. Мерейтой иесі өзінің өткен өміріне шолу жасап, ұмытылмас сәттерді еске алды.  Еңбек жолын 1966 жылы Сандықтау орман шаруашылығынан бастап, қырық жылға жуық ғұмырын осы салаға арнаған Шабдан Хамитұлы тәуелсіздіктің алғашқы жылдары дағдарысқа ұшыраған орман шаруашылығын сақтап қалу жолында көп күш жұмсалғандығын алға тартты. Бүгінде экологияның күрт бұзылуына ормандардың азаюы тікелей себеп болып отырғанын, жас ұрпаққа ағаш егу мәдениетін қазірден бастап үйретіп, жасыл желекті көзінің қарашығындай сақтауға тәрбиелеу қажет екендігін айтты білгір маман. Бүгінде бір кездері өзі отырғызған көшеттердің көктеп, тамыры тереңге тартқанына көңілі көтерілетіндігін де тебірене жеткізді. Сондай-ақ, өзіне көрсетілген құрметке риза болған ел ағасы қала әкіміне жүрекжарды алғысын жеткізді. Мерейтой иесін, сондай-ақ, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шияп Әлиев, Ақмола облысының табиғи ресурс-тар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Руслан Әубәкіров те құттықтады.

 

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий