Құрылысшылар марапатталды

 

Кез келген елді мекенді көркейтіп, зәулім ғимараттар салып, тұрғындарды жылы да жайлы баспанамен қамтамасыз ететін құрыш қолды мамандар екені белгілі. Тамыздың бірінші жексенбісіне келетін құрылысшылар күні «Достар» мәдениет сарайында салтанатты жағдайда атап өтілді. Ошақтың фойесінде өңірде құрылыс жұмыстарымен айналысып жатқан үлкенді-кішілі компаниялар жайлы мағлұмат беретін көрме жасалды. Салтанатты шараға жиналғандарды облыс әкімінің орынбасары Василий Крылов құттықтады. Бүгінде өңірдің әр аймағында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күнге дейін 10 мың отбасы баспаналы болған. Жылдың аяғына дейін 500 мың шаршы метр баспананы тапсыру жоспарланған. «Кгс Сауда», «Алуа строй», «УК Строй» сияқты компаниялар өзгелерден озық тұр. Кей баспаналарға қатысты олқылықтар орын алған, қазір олар түзетілуде. Бүгінгі күні Көкшетау қаласы мен Бурабай аймағын дамытудың жаңа жобалары қолға алынып, іске асырылуда. Құрылысшыларды төл мерекесімен құттықтаған облыс әкімінің орынбасары олардың қажырлы да табанды еңбектеріне табыс тілеп, ардагерлерге алғысын айтты. Одан кейін «Құрметті құрылысшы», «Еңбек ардагері», «Құрметті жол қызметкері» төсбелгілері мен министрлік пен облыс әкімінің Құрмет және алғыс хаттарына бірнеше адам ие болды. Бұған дейін ұйымдастырылған шағын футболдан ойын жеңімпаздары марапатталды. Оған барлығы 15 команда қатысып, үшінші орынды «Енки» серіктестігінің командасы, екінші орынды «Инкомстройпласт кз» командасы, бірінші орынды «Алуа строй» серіктестігінің командасы жеңіп алды. Жүлдегерлерге ақшалай сертификаттар табыс етілді. Салтанатты шара облыстың құрылыс компаниялары қызметкерлері мен кәсіби әншілер қатысқан «Екі жұлдыз» шоу-бағдарламамен жалғасын тапты. Оған «Саудапласт», «Эксперт арсенал», «Инкомстройпласт», «Экспертизапро», «Регион строй», «Енки» және Көкшетау қаласының құрылыс бөлімінің мамандары қатысты. Құрылысшыларды көрші Петропавл қаласынан келген «Кербез» триосы да құттықтап, әдемі әуеннен шашу шашты.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий